«Шөген» ойыны жаңғырып жатыр

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында Алматы облысы Талғар ауданында халқымыздың ежелгі ұлттық ойындары шөген ойыны мен саятшылық өнерін жастарға кеңінен таныстыру жарысы өтті. Шараны облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды. Оған БАҚ өкілдері, облыстық ішкі саясат басқармасы, оқушылар мен студенттер қатысты.

Шөген ойынының көрсетілімі «Almaty Hourse & Polo Club» спорттық ат кешеніңде өтті. Онда «Almaty polo club» және «Almaty Horse&Polo Club» командалары ойнадыАттың құлағында ойнайтын қазақ жігіттері аттарын әр чакер (кезеңсайын ауыстырды.Есеп 4:4 болып аяқталды.

Көне заманда пайда болған шөген ойыны жаңа ғасырда қайта жаңғырып, 2012 жылы елімізде Шөген федерациясы құрылды.Қазіргі таңда әлем және еуро біріншіліктеріне шақырту алдыСонымен қатарағымдағы жылдың қараша айындареспубликалық турнир жоспарлануда және соған арнайы ұлттық нақышымызды айқындайтын киімдердайындалуда.

Ойыннан кейін саятшылық өнер де көрсетілдіОнда бүркіт баптап,құмай тазы жүгірттіОсындай бекзат өнерімізге қазіргі таңдабет бұра бастағандардың қатары көбейуде дейді құсбегілерҚазақстан бойынша жалпы 110 бүркіт болсасоның 52 бүркіті осыАлматы облысында бапталады.

«Саятшылық өнер кенжелеп қалған өнерНегізі атабабамыз кезінде бүркіт баптағанқазір енді қолға алынып жатырБүгінгітаңда бүркітшілер басын қосыптүрлі жарыстар өткізедіСоның ішінде бүгінгі шарамыз өз деңгейінде өтуде.Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексізОсындай жарыстардың арқасында жастарымыз саятшылық жайлы көп білуде», —деді бүркітші Бекет Алдабергенұлы.

Қазақ халқы қыраннан қырағылықтытұлпардан тектілікті бойына сіңірген халықОсындай ұлы өнерімізді келешек ұрпаққа жеткізу аға буынға аманат.

Мәліметпен бөлісу: