Үш жақты меморандум жасалды

«Жанұя” отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүрі орталығының ұйытқы болуымен үш жақты меморандум жасалды.
Ынтымақтастық туралы меморандум “Жанұя” отбасын қолдау орталығы, аудандық полиция бөлімі мен “Алакөл” аудандық газеті арасында бекітілді.
Аталған бастамаға орай аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында орталық қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері мен журналистердің қатысуымен арнайы шара өтті.
Шара барысында аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Нұржан Берікұлы, Жетісу облыстық мәслихатының депутаты, “Жанұя” отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Алмат Садиев, “Алакөл” аудандық газетінің директор-бас редакторы Алмат Есенбеков сөз сөйлеп, меморандум мәнісіне тоқталды.
Меморандум “Жанұя” отбасын қолдау орталығының жұмысын жүйелендіру, мобильді топқа полиция бөлімінің басшылығы мен 24 ауылдық округтің учаскелік полиция инспекторларын және әлеуметтік салаға жауапты мамандарын енгізу, үш жақты қоян-қолтық қызмет ету, мәліметтермен кедергісіз бөлісу, барлық шараларды БАҚ беттерінде насихаттау, толыққанды ақпараттық қолдау мақсатында жасалды.
Алдағы уақытта үш жақ мамандары “Жанұя” отбасын қолдау орталығының жұмысын дамытуға ықпалдасатындарын жеткізді.

Мәліметпен бөлісу: