Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 03. 08. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Үш жылға бергісіз үш күн

Жастар – мың жылдықтар төрінен мәңгілікке қарай бағытын түзеген қуатты Қазақстанның жанды бейнесі. Бәсекеге бәс тігіп, жаһандық аренада алпауыт мемлекеттермен иық тірестірген егеменді еліміздің ертеңі һәм қозғаушы күші. Ал оларға қолдау көрсетіп, мүмкіндіктер көкжиегін кеңейту болашақ үшін бүгін салынған инвестиция десе де болады.

Осы ретте Алматы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен облыстық жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен тәкаппар тауларының асқары аспан сүйіп, тамаша табиғаты әр адамның көңіл қылын дөп шертер Талғар ауданында жерұйық мекен саналатын Жетісудың жасампаз әрі жалынды жастары «Ауылым – алтын бесігім» форумында бас қосты.

Бөктерін арша мен қарағай қаптаған кербез тау, өңменіңнен өте сала тұла-бойыңды тірілтіп жіберер саф ауа, әр пенденің талғамынан шығар таңғажайып табиғат, көздерінде жалын ойнап, жүректерінен жігер ұшқындаған жастар – аталмыш форумның бағасы еселеп, беделін арттыра түскендей. Алыс жолдың машақатынан көңілдерінде күдік пайда болған жастар алғашқы сағаттарда аса белсенділік танытпағанымен, танысып-біліскеннен кейін қозғалыстарына жан бітіп, емен-жарқын әңгімеге көшті.

Ертеңгі күннің байрағын биік көтеріп, бүгінгіден болашаққа қарай нық басқан жастар форумында айдынды ауданымыздың айбынды қыз-жігіттері де болып қайтты. Өз ісінің жүйріктері, қоғамдық істердің белсенділері, нақты жастар өмірінің көшбасшылары деп танылған озық та, үздік ұл-қыздардың бұл бас қосуы тәуелсіз тарихымыздың тарғыл беттерінде есімі алтын әріптермен таңбаланар небір жастарды аңа бастамаларға қанаттандырды деген сенімдеміз.

Алыс жолдың ауыртпалығын ұмытып, ас-ауқаттан дәм татқаннан кейін форум қонақтары спорттық ойындарда бақ сынады. Алдымен жалын иелері «Ирина Кайратовна», «Номад» және «Ұшқын» атты үш топқа бөлініп, алдағы байқауларға дайындықтарын пысықтады. Бірінші қыздар арасында воллейбол ойыны басталып, «Ирина Кайратовнаның» арулары аламан басынан көрінді. Ал ұлдар арасындағы шағын футболда «Номадтық» жігіттер қарсылас шақ келтірмеді.

Спорттық жарыстар тәмамдалғаннан кейін жастар кешкі самалға самайларын сүйдіртіп, алау басында еркін форматта сұхбат жүргізді. Таныстықтарының тасын өрге домалатып, алау атқан жылылықпен қоса жүректерінде де достықтың оты тұтанғандай болды. Форумның да басты мақсат-міндеті осы еді. Артынша қатысушылар әуезді әндердің ырғағымен тербеліп, қазақ халқының мұң-зарын, қуаныш-қайғысын тарих қойнауларынан қопара көтерген домыраның қоңыр үнінен ләззат алды. Алау басындағы отырыстың соңы би кешіне ұласып, тау баурайы түн ортасына дейін ән қанатында қалықтады.

Ертеңгісін таң рауанымен таласа жастар жаттығуға шығып, салауатты өмір салтын қолдайтындарын бір танытты. Таңғы астан кейін «Ораторлық қабілет» «Бизнес бастау» және «Көшбасшы болу» тақырыптарында семинар-тренингтер жалауын желбіретті. Жастардың алдында белгілі тренерлер Қуаныш??, Арай??№, ?? ????, өмірден түйген-білгендерімен, тәжірибелерімен бөлісті.

Уағдалы уақытында дәрістер де аяқталып, командалар эстафета жарысында бас қосты. Әр топтан үш ұл, үш қыздан іріктеліп, түрлі додалар бойынша сынға түсті. Сан алуан сайыстардан тұрған бұл кезеңде «Ирина Қайратовна» тобы жеңіс тұғырына көтерілді.

Қызықтың барлығы кешкі отырыста орын алды. Алматы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ж.Қаратас пен облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Ж.Тазабекұлы бастаған форумның қадірлі қонақтары сөз сөйлеп, әр қатысушыға арнайы сертификаттар табыстады. Артынша әр топ өздерін таныстырып, өнер сайысында бар дарындарын таразы басына тастады. Түрлі көңіл көтеру ойындарына қатысып, соңында би алаңында серігіп қайтты.

Шыны керек, шың басында орналасқан демалыс орнындағы бұл үш күн үш жыл ұмытылмастай естеліктер сыйлады. Жастар өздерін жан-жақты танытып, бәсекеге қабілеттіліктерін көрсете білді. Бұл жаңа достық пен тың идеялар, мотивация мен болашаққа деген өзгеше көзқарас қалыптасқан тамаша форум болды.

А.ЕСЕНБЕКОВ.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov