Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 11. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Шаңырағы – алтын дінгек

Шекарашы жанұя 

Саналы ғұмырын шекара шебіндегі жауынгерлік қызметке арнаған жандарды бүгінгі күннің батырларына балаймыз. Адал қызметтеріне халық жоғары баға беріп, қырағылықтарын өз дәрежесінде бағалауда. Қасиетті қызметті атқарған жасыл күнқағарлылардың үйіндегі басты тірегі – аяулы жары, бала-шағасы. Жанұя бақыты – олардың алтын діңгегі.

 ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Қорғас шекаралық бақылау басқармасында аптал азаматтар Отан алдындағы Анттарына адалдық танытып, шекара бұзушылардың жолдарына тосқауыл болуда. Солардың бірі – «Алтынкөл» (теміржолдық) шекаралық бақылау бөлімінің бақылаушысы ефрейтор Нұржан Бутабаев.

Нұржан Қазиоллаұлы болашақ жарымен шекарашы атанбай тұрған кезде танысыпты. Сүйген жары Лаураның ағасының тойында алғаш рет  кездескен.

Екі мыңыншы жылдардың басы болатын… Лаура Нұрболатқызы Алматы қаласының жоғары оқу орындарының бірінде оқитын кезі. Нұржан сұлу бойжеткенді танысқан бойда бірден ұнатып қалады. Қолқа салып, қыздың үйінің телефон нөмірін сұрап алады.  

Араға күн суытпай ғашық жігіт Лаураның үйіне телефон шалады. Таныстықтары достыққа, достықтары шынайы сезімге айналады. Жазғы демалысы аяқталған шақта бойжеткен оқуын жалғастыру үшін Алматыға кетеді. Нұржан болса, сүйгенінің жатақханасына звандап, ай сайын хат алысып тұрады. Осылайша, олардың махаббатарына аралықтағы шақырымдар мен уақыт кедергі бола алмайды. 

Келесі жылы Нұржан туған жер алдындағы перзенттік борышын орындау үшін әскер қатарына аттанады. Мерзімді әскерді Ақтөбе қаласындағы ҚР ІІМ Ұлттық Ұланының 6655 әскери бөлімінде өтейді. Аман-есен елге оралысымен сүйген қызын ата-анасымен таныстырады. Университеті ойдағыдай бітірген Лаура Талдықорған қаласындағы мектептердің бірінде ұстаздық жұмысқа орналасады. Араға бірер жыл салып, үлкендердің ақ батасын алған екі жас отау құрады.

Қазіргі кезде Нұржан мен Лаура екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отырған шаттыққа толы жанұя. Үлкендері Нұрислам 8-ші сыныпта оқыса, Раяна 3-ші сыныптың оқушысы. Ал кішкентайлары Нұрзере екі жаста.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Мәліметпен бөлісу:

  • WhatsApp
  • Twitter
  • ВКонтакте
  • WhatsApp
  • Одноклассники
  • РњРѕР№ РњРёСЂ

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov