
14 тамыз күні Үшарал қаласында «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында, Спорт күніне орай шағын футболдан Алакөл ауданының чемпионаты өтті.
Жарыс барысында командалар жоғары белсенділік танытып, өзара тартысты ойын көрсетті. Турнир қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – Үшарал командасы
🥈 ІІ орын – Бескөл командасы
🥉 ІІІ орын – Алатау командасы
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Турнирдің басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, спортты дамыту, жастар арасында достық қарым-қатынас пен командалық рухты қалыптастыру.
