
Бүгін Үшбұлақ ауылдық округіндегі №87 сайлау учаскесінде Құрылтай депутаттарының сайлауы белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып, 40 шақты тұрғын белсенді түрде дауыс берді.

Үшбұлақ ауылдық округіндегі Безродных көшесінің тұрғындары сайлау учаскесіне ұйымшылдықпен келіп, өз азаматтық таңдауын жасады. Тұрғындардың сайлауға белсенді қатысуы – олардың ел болашағына деген жауапкершілігі мен қоғамдық белсенділігінің көрінісі.
Ауыл тұрғындары өз таңдауын білдіру арқылы елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып, азаматтық ұстанымдарын танытты.
Бір дауыс – бір таңдау. Бір таңдау – ел болашағына қосылған үлес!
