Елбасы Н.Назарбаев өз өкілеттілігін тоқтатып, ел билігін Қ-Ж.Тоқаевқа тапсырғаны көптеген қазақстандықтар үшін күтпеген жағдай болды. Мемлекет тізгінін қолына алған Президент Қ-Ж.Тоқаев артылған сенімнің үдесінен шығу үшін барын салуда.
Соның айқын дәлелі ретінде Конституцияға сәйкес ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешім қабылдап, елді халық өзі таңдаған тұлға басқару керектігін жеткізді.
Бұл сындарлы шақтағы шешуші қадам. Әлем аренасындағы азуын айға білеген алпауыт мемлекеттер Қазақстанға көзін тіккен бәсекелесектік уақытында бір ел, бір тағдыр, бір көшбасшы ұранымен республикамыздың мыңжылдықтар төрінен басталған сапарын мәңгілікке қарай бұруда бұл шешімнің маңыздылығын аңғарамыз. Расымен де, халық өз басшысын өзі таңдап, бірауыздан қолдап жатса, онда билік пен бұқара арасындағы қатынастың тұғыры бекіп, береке-бірліктің жалауы желбірей түспек.
Президенттің бұл қадамы күллі Қазақстанның болашағын баянды етуге бағытталғаны мәлім. Ендігі кезекте жұрт болып жұмыла алдағы сайлауда ел келешегін кемел етер басшымызды тағайындап, ертеңгі күнге қарай бірге адымдайық.
А.ЕСЕНБЕКОВ.