Шетелде жүрген ҚР азаматтары төлқұжатын қалай рәсімдей алады

Егер сіз шетелде оқып жатсаңыз, жұмыс істесеңіз немесе тұрып жатсаңыз және ҚР азаматының төлқұжатын алу/ауыстыру қажет болса, оған бола Қазақстанға қайтудың қажеті жоқ. Ол үшін сол елдегі ҚР елшілігіне немесе консулдығына хабарласып, келесі құжаттарды ұсынсаңыз болғаны:

  • өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжат:
  • төлқұжатты ауыстыру үшін – ҚР азаматының төлқұжаты;
  • 16 жасқа толмаған болса – туу туралы куәлік, ата-анасының бірінің жеке басын куәландыратын құжаты мен екіншісінің нотариалды рұқсаты;
  • өлшемі 3,5х4,5 түрлі-түсті 4 фотосурет;
  • тұрақты тұру, оқу, шетелде жұмыс істеу фактісін, отбасы жағдайын растайтын, медициналық анықтама (түпнұсқа және көшірме);
  • консулдық төлем түбіртегі.
    Бұл қызмет түрі ҚР Цифрлық даму, Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерінің бірлескен жұмысының арқасында қолжетімді болды.
    Қызмет көрсету мерзімі – 80 күнтізбелік күн.

Мәліметпен бөлісу: