Шетелдік білім беру стандарттарына жасалған қадам

Oplus_16908288

Қазақстан 34 шетелдік жоғары оқу орнымен серіктестік келісімдер жасады. Шетелдік серіктестік аясында жоғары оқу орындарында қазақстандық студенттерге арналған 2090 грант бөлінген. Ал 2025 жылы Ғылым және жоғары білім министрлігі тағы 11 ЖОО-мен серіктестік келісімін жасауды жоспарлап отыр. 
Министрліктің мәліметіне сүйенсек, 31 келісім ішінде Қазақстанда Ұлыбритания, Италия, Қытай, Ресей, АҚШ, Франция және Оңтүстік Кореяның 23 серіктес жоғары оқу орындары жұмыс істейді.
Бұл білім алушы жастар үшін үлкен мүмкіндік. Себебі, білімді жастар шетелге барып тәжірибе алмасып, өз білім деңгейлерін жоғары деңгейде арттырып қана қоймай, жаңа тіл меңгереді.
Осындай Мемлекет басшысының қарымды қадамдарының арқасында еліміздің әлеуметтік-экономикасы дамып, білім және ғылым саласы жоғары көрсеткіштерге ие болары анық.

Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Қоңырай Қсталасова

Мәліметпен бөлісу: