Үштөбелік спортшы джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды


Үштөбе қаласының спортшысы Жеңіс Нұрлыбаев джиу-джитсудан әлем чемпионатының алтынын жеңіп алды.
Жарыс 1-12 қараша аралығында Абу-Дабиде (БАӘ) өтті.

Жеңіс Нұрлыбаев 4-сыныптан бастап осы спорт түрімен айналысып, бірнеше рет Азия чемпионы атанды. Міне, биыл ол әлем чемпионы атағына ие болды.

Әлемдік аренада өнер көрсету мен үшін үлкен мәртебе болды. Әрине, қарсыластар қарапайым болған жоқ, бірақ менің жеңіске деген ерік-жігерім және қазақстандықтардың қолдауы маған тұғырға көтерілуге көмектесті. Біздің еліміздің Әнұраны шырқалған кезде, ерекше сезімде болдым. Зор қуаныш,- деп атап өтті жас спортшы.
Айта кетейік, үздік атану үшін әлемнің 65 елінен келген спортшылар бақ сынасты.

Мәліметпен бөлісу: