Сіз білесіз бе?

Ел егемендігін еншілеп, етек-жеңімізді жиған тұста, жеке-дара мемлекет екендігімізді айшықтау үшін алдымен мемлекеттік рәміздерімізді бекіту миссиясы тұрды. Тәуелсіздіңті тақымға баса сала бұл іс бір жүйеге келтіріліп, арнайы байқау жарияланғанын білеміз. Сөйтіп 1992 жылдың басында Жоғары Кеңес президумының жаңа мемлекеттік символиканы дайындау бойынша жұмыс тобын құру туралы қаулысы қабылданды. Оның құрамына Салық Зиманов, Ербол Шәймерденов секілді қайраткерлер кірген.

Жаңа мемлекеттік рәміздерді әзірлеу бойынша жарияланған байқауда ту эскизі бейнеленген 1200 өтінім берілген. Жас егемендің елдің саяси мәні мен мақсатын нақтылы түрде көрсететін, тек эстетикалық талаптарға жауап беріп қоймай, тарихи, экономикалық симаолизмге сәйкес келуі тиіс еді. Бұл талаптарға Шәкен Ниязбековтың авторлық еңбегі лайықты деп танылып, бүгін көріп жүрген көк маталы, алтын түстен күн мен қыран, қазақи оюлар бйнеленген байрағымыз бекітілді.

Сөйтіп 1992 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қабылданды.

Ал сол мезеттен бері көк туымыз қандай мәртебеге ие болғанын және жер шарының қай түкпірінде жел тербеп тұрғанын көбіміз біле бермейміз. Ендеше, аспан түстес жалауымыздың тәуелсіздік жылдары жүріп өткен жолын баяндап берелік.

Отандастарымыз Қазақстанның туын әлемдік жарыстар мен олимпиадалардың жеңсті жолдарымен төрт мыңнан астам мәрте ұстап жүріп, оны ғаламшардың адам аяғы басуға ең қиын жерлері мен асқары аспан сүйген алып таулардың ұшына, тіпті ғарышта да тікті.

Бірдеңкесінші жылдың 1 шілдесінде ғарыш стансасының бортында Мемлекеттік Тудың қасында сөз сөйлеген Талғат Мұсабаевтың аспан кеңістігіне аттанғанынан 22? Жыл өтті.

2015 жылдың 14 сәуірінде Айдын Айымбетовтің ғарышқа сапарында ҚР Мемлекеттің Туы жер шарын 150-ден астам рет айналып ұшты. Бұл өз кезегінде еліміздің атақ-абыройының асқақтап, беделінің еселенуіне жол ашты. Себебі 200-ге жуық ресми тіркелген мемлекеттердің ішінде байрағының мұндай мәртебеге ие болғаны кемде-кем.

2011 жылдың 14 желтоқсанында Оңтүстік Полюске шығудың 100 мерейтойында жалауымыз Антарктидада желбіреді. Ал 2015 жылдың 14 сәуірінде қазақсатндық шаңғы экспедициясы туды Солтүстік Полюсте, яғни Арктикада тікті.

1995 жылы ұлы ғұлама, философ, көркемсөзші, ақтаңгер ақын Абай Құнанбайұлының 150 жылдығына орай Мемлекет басшысы Н.Назарбаев байрағымызды  Іле Алатауының «Абай» шыңының ұшар басына орнатты.

2012 жылдың 23 ақпанында отандасымыз Андрей Гундарев Оңтүстік Африканың ең биік нүктесі – «Охос-дель-Саладо»-ны бағындырып, Мемлекеттік Туымыз тұғыры әлемдегі ең биік жанартауға қағылды.

2014 жылы қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев Солтүстік Американың ең биік тауы – «Мак-Кинли» шыңын еңсеріп, жалауымызды қуатты материктің желі тербетті.

Қазақстанның туы сондай-ақ Батыс Еуропаның ең биік нүктесі – «Монбланға» (4810м), Азияда Памир тауының «Ленин» шыңына (7134м) және Эверестке (8800м) көтерілген. Сонымен қатар 2011 жылы Мақсұт Жұмаев пен Василий Левцов байрағымызды Азияның ең күрделі тау шыңы – «Қарақорым Чогориге» (8611м) тікті.

Бұдан бөлек Мемлекеттік Туымыз жүлде қоржынымызды түрлі медальдармен толтырған спортшыларымыздың арқасында өзге елдердің аумағында сан мың рет көтерілді. Әр төрт жылдықтың тұғырлы додасы саналатын олимпиада ойындарында да көк байрағымыз көкке өрлеп, күллі қазақстандықтар Гимнімізді қосыла шырқады.

Міне, тәуелсіздік жылдарында жалауымыздың жүріп өткен жолы осы. Енді, Мәңгілік ел болуға ұмтылған Қазақстанның бүгінгі жастары, ертеңгі ел тіректері бұл үрдістің ізінен жаңылмай Мемлекеттің Туымызды мемлекет аумағынан өзге жерлерде көтерілуәне түткі болады деген сенімдеміз.

Е.ЕСЕНБЕКОВА,

Үшарал қазақ гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.

Мәліметпен бөлісу: