
7 мамыр республикалық отан қорғаушылар күні.
Отанды қорғаудың түрлі тәсілі бар. Біліммен қорғау, ақпараттық қорғау, тілін
қорғау, өзге идеологиядан қорғау, әділетсіздіктен қорғау, ділін қорғау,
дәстүрін қорғау, жат пиғылдан қорғау т.б. Бірақ осы күн айтылса болды, көз
алдымызға әскерилер елестейді. Бұлардың мемлекет қорғанысы ісінде маңызы зор.
Шекарадан жау өткізбей, тәуелсіздігімізді берік ұстау – міндеті. Бұл міндетті
абыроймен атқарады деп үміттенеміз, әрине.
ҚР Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 31 жылдығы және 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай аудандық З.Қойшыбаева атындағы мәдениет үйінде «Әскер — Тәуелсіздік тірегі, ел қорғаны» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.
Аудан
әкімі А. Абдинов мемлекек мүддесі үшін және аймақтың тұтастығын сақтауда аянбай
еңбек еткен сала ардагерлеріне және аға буынның ізін жалғаған жас буын
өкілдеріне мінсіз қызметі үшін құттықтап, алғыс хат табыстады.
Келесі құттықтау легін ҚР Ұлттық Қауіпсіздік
комитеті, Шекара басқармасының бастығы, полковник Кирьянов Иван Александрович
жалғастырды.
Құттықтау сөз аяқталған соң, әскери және мәдениет қызметкерлері бірлесіп, жиналған қауымға концерттік бағдарламасын ұсынды.
А.Сүлеймен.