Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 06. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Соңғы сапарға шығарып салды

Қызылордада болған апатта қаза тапқан алакөлдік екі азамат, үшінші дәрежелі сержант Қайрат Нұрсапанов пен аға сержант Мұрат Шариповтың мүрделері туған жерлеріне жеткізіліп, аудан халқы батырларын ақтық сапарға шығарып салды.

Жанамалық қос жауынгермен қоштасуға арналған қаралы митингке аудандағы әскери бөлім сарбаздары, марқұмдардың туған-туыстары, ауыл тұрғындары мен өңір халқы қатысты.

Сөз алған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Т.Жанжуменов: «Ажал айтып келмейтін, ырқын бермейтін дүние. Алатын, келетін уақыты да бір Тәңірге ғана аян. Күллі қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырған апатта 13 жауынгеріміз қаза тапты. Олардың екеуі өздеріңіздің жерлестеріңіз. Ақтық демдері қалғанша Отанға адал бола білген бұл азаматтар ұмытылмақ емес. Арттарында аза тұтып қалған отбасыларына да барынша көмек көрсетіледі»,- деп атап өтті.

Келесі кезекте аудан әкімі Ә.Жақанбаев: «Уақыт таңдамайтын, жас талғамайтын ажал қос жерлесімізді, бір-бір үйдің отағасы болған бауырларымызды келмеске алып кетті. Көзден ғайып болса да, көңілде мәңгілік қалар бұл азаматтар нағыз батырлар»,- дей келе, марқұмдардың туыстарына көңіл айтты.

Марқұм М.Шариповтың әкесі Р.Шарипов пен Қ.Нұрсапановтың ағасы Б.Нұрсапанов қос жауынгер жайында естеліктерін айтып, соңғы сапарға шығарып салуға жиналғандарға рахметтерін жеткізді.

Қаза тапқан жауынгерлердің жаназасын Талдықорған қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы А.Сағидоллаұлы шығарды.

Айта кетсек, апат барысында қаза тапқан Қ.Нұрсапанов пен М.Шарипов Ақтаудағы №30153 авиациялық бөлімінде қызмет еткен. Қайраттың артында 1 қызы мен 1 ұлы, Мұраттың 3 қызы мен 1 ұлы әкесіз қалды.

Алмат ЕСЕНБЕКОВ,

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov