Созылмалы ауруға шалдыққан 5,5 мың тұрғын екпе алды


Алматы облысында 423 адам вирус жұқтырды. Нәтижесінде індеттің өсу қарқыны соңғы екі аптада 0,9% — дан 1,0% — ға дейін артты. Алакөл, Балқаш, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Сарқан, Кеген, Ұйғыр аудандарында және Текелі, Талдықорған қалаларында індетке шалдығушылар саны салыстырмалы түрде көп.
Коронавирустың таралуы қарқын алуына байланысты әлі күнге екпе салу жалғасуда. Қазіргі кезде облыста 631 037 мың адам вакцинаның І компонентін қабылдады. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер – 12 197, медицина қызметкерлері – 23 595, педагогтар – 39 075, ТЖМ, Қорғанысмині, ҰҚК, ІІМ, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері – 21 281екпе салдырып, көш бастап тұр. Денсаулықтың қадірі артқандығы соншалықты, созылмалы аурулары бар 5588 тұрғын вакцина алды. Ал, екпенің екінші бөлігімен 497 721 адам егілгендігі расталып отыр. Коронавируспен күресу бір сәтке бәсесімек емес. Ұлт денсаулығы — ұлы қорған. Ұжымдық иммунитетті қалыптсатыру сіз бен бізге парыз!