Жыл басынан вакцинаның І компонентінен 519 145 дозасы келіп түсті, оның 476 699 дозасы қолданылып, қазіргі уақытта облыста 42 446 доза вакцина қалды.
Бірінші компонентпен 476 699 адам егілді, екіншісінен — 258 403. Вакцинацияланғандардың арасында — мемлекеттік қызметкерлер – 11 539, медицина қызметкерлері – 22 987, педагогтар – 37 224, БАҚ – 187, созылмалы аурулары бар адамдар (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек-қантамыр жүйесі) – 3520 және басқа да қызмет салаларының өкілдерінен – 357 949 адам вакцина алып үлгерді.