Спорт ордасы, саңлақтар мекені

Несібар, небір дүбірлі додаларда тауанымыз шағылып, табанымыз тілінгені жасырын емес. «Алакөл» десе, аспаннан түскендей «Ол қай жер?» дейтін қазақстандықтардыңда қарасы көп болатын. Талайға таңсық мекен алғаш ғарышкерлер көл суына ем-шипаіздеп келгеннен бастап танылса, оның арғы беделін биіктерге көтерген белгілігітұлғалары еді. Олардың қатарынан әрине спорт әлемінде әйдік болған, небір азуынайға білеген әпенділерді «әп» дегеннен-ақ алып жығар балуандарымыз, соққысы сүйексындырар былғары қолғап шеберлері ойып тұрып орын алатына мәлім.

Ал ондай спортшылардың арнайы дайындықсыз алысқа шаппасы анық. Себебі әр спорттың өзіне тән талап, ережесі, сыны мен сыры болады. Ал Алакөлдің атағын асқақтатып жүрген талай тарландарымызды төрге шығарған ол – аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі.

Дәуітхан Қыдырханның басшылығындағы спорт ордасы 2011 жылдың 1 қыркүйегінде жаңаша тыныспен, өзгеше қарқынмен өз жұмысын бастады. Орталық алаңға жапсарлас салынған екі қабатты, әйнекпен апталған әсем ғимарат қаламыздың көрнекті орындарының бірі. Түрлі дәрежедегі додаларды ұйымдастыруға ыңғайландырылған ол жерде воллейбол, боскетбол, теннис, шахмат ойнауға, және бокс, еркін күрес, самбо, дзюдо, қазақ күресі, футбол, джиу-джитсу, армрестлинг, жекпе-жекпен айналысуға мүмкіндіктер бар. Сондай-ақ киім ауыстыру, жуыну, дәрігер бөлмелері, дене жаттығулары арналған арнайы зал да орналасқан.

Бұнда барлығы 49 адам қызмет етсе, олардың 32-сі жаттықтырушылар санатынан. Спорттың 11 түрі бойынша дайындықтан өтетін 1122 тәрбиеленушіні аталған бапкерлер бірталай байрақты бәсекелерге шығарып, аудан қоржынын түрлі медальдармен толықтыруда. Атап әлем, Азия біріншіліктері мен халықаралық, республикалық, облыстық сайыстардан аталмыш спорт мектебінің шәкірттері барлығы 52 алтын, 48 күміс, 68 қола медаль алып келген. Бәйге басынан көрініп, бірталай белесті бағындырған «Үздік спортшылар» ретінде Жомарт Болатханұлы, Айбол Ахметов, Мирас Қанабеков, Мирас Бауберіков, Самат Сағатбеков, Ақылас Алсейіт, Расул Долдахан, Даниял Ахметжанов, Жайық Бейсенбаева, Самал Сарқытбаева, Батыр Аликен, Ілияс Раписбай, Алихан Тұрахын, Ілияс Құмарұлы, Олжас Дәулетов, Даниал Болат, Темірлан Сұлтанбековсекілді талапты, талантты ұл-қыздарымызды атауға болады.

Оларды осы биіктеріне жетелеп шығарған бапкерлерден дзюдо күресін дамытуға үлес қосқаны үшін «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» және 2-ші дәрежелі «Дзюдо тарланы» орденімен марапатталған Бақытбек Мустафинды, КСРО-ның спорт шебері, аға жаттықтырушы Рүстем Смағұловты, шәкірттерінің шабысы шапшаң, Еуразияның қола, Азияның қола, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ауданға джиу-джитсу спортын әкелген Арнұр Нұрланұлын, бокстан талай тарландарды түлеткен Меңғали Қанабеков пен Леонид Ложниковты,самбо күресінен спорт шебері, ҚР чемпионы, халықаралық бәсекелер мен Азия ойындарының жүлдегері Данияр Кәкеновты атауға болады.

Аудандық БЖСМ-нің бір жылдық тынысы осындай. Жетістіктер мен жеңістерге толы күндер мұнымен аяқталмасы хақ. Біз де өз тарапымыздан аталған мекеме ұжымы мен спортшыларына толайым табыс пен табанды еңбек тілемекпіз. Алакөлдің атағын алты құрлыққа әйгілеп, өңіріміздің мерейін еселей беріңіздер!

А.ЕСЕНБЕКОВ.

Мәліметпен бөлісу: