Спорт саңлағы


Жауырыны жерге тимей шекарашылардың мерейін көтеріп жүрген спортышларымыз баршылық. Солардың бірі де бірегейі – сержант Ербол Борашев. Спорт саңлағы қазіргі кезде ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының әскери қызметшісі сержант Ербол Борашев. Ербол Бауыржанұлы кір тасын көтеруден, әскери үш сайыс, қоян-қолтық ұрыс, ату жарысы, самбо, қазақша күрес, республикалық әскери спортшылар арасындағы сайыстарда бас жүлделерді иеленді. Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы елдері арасында 2015, 2017, 2018 жылдары самбодан әскерилер арасында чемпионы. Үстіміздегі жылы Қызылорда қаласында өткен қазақша күрес турнирінде ІІІ орынның тұғыранан көрінді. Бос уақытын спортқа арнайтын сержант Ербол Борашев барша қазақстандықтарды салауатты өмір салтын қолдауға шақырады. Мақсаты – сайсытарда топ жарып, жергілікті тұрғындардың арасында спортты жанынан серік еткен шекарашылардың көп екенін дәлелдеу!

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Мәліметпен бөлісу: