Ағымдағы жылдың 15 наурыз күні Жетісу облысы әкімінің орынбасары М.Көлбаевтың тапсырмасына сәйкес Алакөл ауданына қарасты барлық қала, ауылдық округтерде «Спорттық федерациясын құру және оның қызметі» бойынша жиын өтті.
Шарада 23 ауылдық округ, 1 қала тұрғындарының арасынан футбол, волейбол, баскетбол федерациясының президенттері сайланды.
Сайланған федерацияның президенті ауылдық волейбол, баскетбол, футбол спорттық ойындарын дамыту бойынша ауыл әкімі кеңесшісі қызметін қоса атқаратын болады. Жиын кезінде 30-ға жуық доп таратылды.
Аудан әкімдігінң баспасөз қызметі.