Алакөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) аудандағы спортшылар мен жаттықтырушыларға «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
2024 жылы 4 өтініш, 2025 жылдың 5 айында 2 өтініш түсті. Өтініштер белгіленген тәртіпте заңға сәйкес қарастырылды. Өтініш иелері қанағаттандырылды.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі №104 бұйрығы негізінде,спорттық атақтар, разрядтары және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы мемлекеттік қызмет түрін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жетісу облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде тегін негізде алуға болады.
ХҚКО-ға көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі:
1) «2 разряд спортшысы», «3 разряд спортшысы», «1 жасөспірімдік разряд спортшысы», «2 жасөспірімдік разряд спортшысы», «3 жасөспірімдік разряд спортшысы» спорттық разрядтарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі); бастапқы спорттық ұйымның мөрімен және қолымен расталған қолдау хаты; спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған облыстық және қалалық жарыстар, спорт түрі бойынша облыстық федерация болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған жарыстар немесе аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған аудандық жарыстар хаттамаларының көшірмелері; көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат;
2) «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы», «Біліктiлiгi орта деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы» санаттарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін: көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі; жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2- қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушының спортшыларды дайындауы туралы анықтама («Біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі санаты жоқ жаттықтырушы» санатын беруді қоспағанда); спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған, спорт түрі бойынша облыстық федерация болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған жарыстар хаттамаларының көшірмелері («Біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі санаты жоқ жаттықтырушы» санатын беруді қоспағанда); көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат;
3) «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты әдіскер», «Біліктiлiгi орта деңгейдегi екінші санатты әдіскер» санаттарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін: көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі; жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама; көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат;
4) «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты нұсқаушы спортшы» санатын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін: көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; білімі туралы дипломның көшірмесі; жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқ- татылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзіндікөшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама; спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған, облыстық федерация болмаған жағдайда нұсқаушы- спортшы құрамына кіретін ұйымның мөрімен расталған санат беру туралы қолдаухат; көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат;
5) «Спорт төрешісі» төреші санатын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін: жеке басын куәландыратын құжат; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
Спорттық атақтар, разрядтары мен санаттарын алу барысында туындаған сауалдарыңызға қалалық дене шынықтыру және спорт бөліміне қоңырау шалу арқылы қосымша ақпарат ала аласыздар. Байланыс нөмірлері: 8 (72833) 2-16-33
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына бақылау жасау мен оны бағалау ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне және оның аумақтық құрылымдарына берілген. Яғни, уәкілетті органға қызмет беруші мен қызмет алушыға қанағаттанбау себебін анықтауға бағытталған кешенді зерттеулер жүргізу, мемлекеттік органдар тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсетілу заңнамасын сақтамау, уақытылы бақыламау мен қызмет алушылардың шағымдарын толық әрі уақытылы қанағаттандырмау себептерін зерттеу жұмыстарын жүргізу міндеттелген.
Алакөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Б.Сыдықов
