Ұстанымымыз – заңдылық пен тәртіп


Бас прокуратураның алқасында биылғы жарты жылда прокуратура органдарының заңдылықты сақтау, құқық тәртібін қамтамасыз ету және қылмыстылықпен күрес бойынша қадағалау қызметінің нәтижелерін тыңдадық. Прокуратураның күш-жігері қылмыс аясына тартылған адамдардың конституциялық құқықтарын қорғауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге, өтініштерін жан-жақты және әділ қарауға, жалпы­ жұртшылықтың көкейінде жүрген басқа да мәселелерді шешуге бағытталған.

Одан бөлек, біз ел Пре­зидентінің ин­вес­тициялық жобаларды сүйемелдеу, биз­несті қорғау жөніндегі және басқа да тапсырмаларын орындап келеміз.

Ұрланған активтерді мемлекетке қай­тару туралы тапсырманың маңызын ерекше атаймыз.

Былтыр «Заңсыз иемденілген актив­терді мемлекетке қайтару туралы» заң қабылданды. Оны іске асыру үшін Бас прокуратура жанынан аттас комитет құрылды.

Бұл заңды қабылдаудың басты мақсаты – халықтың бұзылған құқықтарын қал­пына келтіру, әлеуметтік әділеттілікті, еліміздің халқының игілігі үшін оның экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан орнықты дамуын қамтамасыз ету.

Комитет өзінің міндетін белсенді ат­қаруда, барлық қажетті құқықтық, мате­риалдық-техникалық және басқа да құ­ралдармен, сондай-ақ штатпен жарақ­талған. Бірқатар нәтиже бар. Тек биылдың өзінде мемлекетке 315 млрд теңге, заңсыз қолды болып кеткен 513 мың га жер телімі қайтарылды.

Алғаш рет сот 5,5 млрд теңге тұратын пайда болуы түсініксіз байлық туралы, құны 400 млн зергерлік бұйымдар мен мәдени құндылықтар жөніндегі комитеттің талап-арызын толық көлемде қанағаттандырды. Соттың шешімі толық көлемде орындалды.

Қайтарылған активтер қоғамның әлеу­меттік және экономикалық дамуына бағытталады. Бірқатар объекті мемлекет меншігіне аударылған соң, олардың бұрынғы иелерінің экономиканың жекелеген секторларындағы монополиялық басымдылығы тоқтатылды. Мысалы, Же­тісу облысындағы кө­лік-ло­гистикалық орталық мемлекет­ке өт­кеннен кейін, Қазақстан-Қытай ше­карасындағы кәсіп­керлерге көрсе­тілетін қызмет сапасы артты. Уақытша сақтау қой­масының өткізу мүмкіндігі алты есе өсті.
нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге көмек­тесіп жатыр. ЕҚЫҰ бірлесіп активтерді қайтару бойынша кешенді жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылмақ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «GlobE Network» ғаламдық жедел желісіне мүше болдық. Ақпарат алмасу мақсатында аталған желінің «Threema» байланыс арнасы орнатылды.

қан» астына шетелдік инвесторлармен қатар ұлттық инвесторлар да алынған.

Бұл жұмыстың басты мәні – инвес­тор­лар­ды жұмыстың бастапқы сәтінен, мем­лекеттік органдардың, квазимем­лекет­тік сектор мен монополистердің акті­­лерінің жобалары мен әрекеттеріне ба­ға бере отырып жобаларды іске асыру­дың барлық сатысында құқықтық қолдау. Тек өткен жарты жыл ішінде Түркия, БАӘ, Германия, Сингапур, Қытай, Фран­ция, басқа да елдерден келген 350 инвес­тор осындай қолдауға ие болды. Олар­дың ел экономикасына үлесі – 6,4 трлн теңге, бұл дегеніміз – жаңа жұмыс орындары, бюджетке түсім, түптеп келгенде – елдің экономикалық әлеуетін арттыру.

Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында инвестор Ауыл шаруашылығы басқармасынан мал шаруашылығын дамыту үшін заңмен тиесілі субсидияны ала алмаған. Бұл проб­лема прокуратура араласқаннан кейін ғана шешіліп, кінәлі лауазымды адам жауапкершілікке тартылды.

Павлодарда салық органдары француз инвесторына негізсіз 100 млн теңгеге қосылған құн салығын төлеу туралы хабарлама берген. Прокуратура ол ха­бар­ламаның күшін жойып, құқық бұзу­шылыққа жол берген шенеунік тәртіптік жазаға тартылды.

аламыз.

Жалпы, өткен жылғы осы тектес кезең­мен салыстырғанда елде қылмыс­тылық 4,9% кеміді (72 575-тен 68 992-ге дейін).

Қылмыс аясына тартылған азамат­тардың конституциялық құқықтарын қор­ғау прокуратураның тұрақты және үздік­сіз қадағалауында тұр.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру заңдылы­ғын қадағалау саласында жыл басынан бері прокурорлар 178 мыңнан астам тергеу органдарының шешімдерін тексерді.

үздіксіз, кешенді, жоспарлы жұмыстар жасап жүр.Мысалы, тек кейінгі екі жыл ішінде 58 млн телефон қоңыраулары, оның ішінде бұрмаланған номерлерден жасалған қоңыраулар бұғатталды.

Одан басқа Бас прокуратураның үйлес­ті­руімен өткен жылғы қыркүйекте күштеу органдары мен басқа да мемлекеттік органдардың бірлескен бұйрығымен бекітілген кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Заңнамаға бірқатар өзгеріс күті­луде, соның ішінде алаяқтық белгісі болған жағдайда клиенттердің шағымы бойын­ша оның ақшасын алуға тыйым салу бар.

қолдаудың өзекті мәселелері» тақыры­бында мемлекеттік айыптаушылар форумын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Бас бостандығынан айыру мекемеле­ріндегі жағдай прокурорлардың тұрақты бақылауында, ондай бақылау бейнекамералар мониторингі арқылы да жүзеге асырылады.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекеме­лерінде азаптауға жол бермеу бойынша қабылданған шаралар да оң нәтиже беруде (12 ден 4-ке дейін азайды).

Қылмыстық-атқару жүйесі мекеме­лерінде азаптауға жол бермеу бойынша қабылданған шаралар оң нәтиже беріп келеді.

Осы жылы медициналық көмектің сапасы, өз-өзіне қол жұмсауға жол бермеу сияқты пенитенциарлық жүйенің өзекті мәселелерін шешуге назар аударып отырмыз.

рати­фикациялау туралы заң жобасы қаралып жатыр.

Қазақстанда қылмыс жасап, шетелде жасырынып жүрген адамдарды қыл­мыстық жауапкершілікке тарту мақ­сатында қайтару үшін бірқатар елдің құзырлы мекемелерімен қарым-қатынас орнатылуда. Жалпы, жыл басынан бері Ресей, БАӘ, Испания, Чехия, Польша, Түркия және басқа елден халықаралық іздеуде жүрген 29 адам экстрадицияланды.

Мысалы, Польшадан психотропты зат­тарды заңсыз айналымға салғаны және өткізгені үшін іздеуде жүрген трансұлт­тық қылмыстық топтың басшысы берілді. Испания 800 адамды 1 млрд теңгеге және Грузия 600 адамды 3 млрд теңгеге алдап кеткен қаржы пирамидаларын ұйым­дастырған алаяқтарды берді.

Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі, Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі, «Талдау орталығы», «Құқық қорғау, арнайы және басқа да органдардың ақпарат алмасу жүйесі» және «Қадағалау» БАТЖ жасалып, жұмыс атқарылып жатыр.

Бас прокуратура әрі қарай да Мем­лекет басшысы Әділетті Қазақстан тұжы­рымдамасында атап өткен «Заң» және «Тәртіп» қағидасына сай заң үстемдігін нығайту үшін өз жұмысын жетілдіруді жоспарлап отыр.

Берік АСЫЛОВ,

Қазақстан Республикасының

Бас прокуроры

Мәліметпен бөлісу: