Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен тамыз конференциясы өтті. Оған еліміздің әр аймағынан 2 мыңнан астам ұстаздар қатысты. Келген ұстаздардың айтар жаңалығы да, ұсынған ұсыныстары мен талқылар мәселелері де аз болмады. Биылғы дәстүрлі жиын бұрынғыдан ауқымырақ болды. Себебі былтыр қатысушылар саны төрт есе көп болды.
Жиынның басты әрі жағымды жаңалығы мұғалімдердің жалақысының 2 есе өсетіндігі болды. Мемлекет басшысы конференцияда үкіметке осындай ьапсырма жүктеді. Бұл жоспар 4 жыл ішінде жүзеге асырылмақ. Сондай-ақ енді ұстаздар қауымына сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін екі есе мөлшерде қосымша ақша төленетіні де айтылды. Ал еңбек демалысы 56 күнге дейін созылады. Әрине мәртебесі, жалақысы өскен мұғалімнің жауапкершілігі де артатыны сөзсіз.
Сонымен қатар мектеп тапсышылығы, «Әліппені» қайтару, ағылшын тілін 2-3-сыныптан немесе ата-аналардың қалауы бойынша 5-сыныптан бастап оқыту және өңір әкімдеріне ұстаздарды білім саласына қатысы жоқ шараларға қатыстыру сынды түйткілді мәселелер де қаралды.
Президенттен қолдау тауып, мерейі өскен мұғалімдердің мойындарына артылған жүк те жеңіл емес. Ол 2025 жылға дейінгі білім мен ғылымды дамытудың бағдарламасын әзірлеу және он екі жылдық оқытуға жоспарлы көшу міндеттері болып табылады.
А.ЕСЕНБЕКОВА,
№1 Үшарал орта мектебінің орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі.