Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: алдын алу жұмыстары өз нәтижесін беруде


Жетісу облысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасын іске асыру шаралары жүріп жатыр. Осы бағытта халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге және өңір тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді оңтайландыру жүйесі жолға қойылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасы бойынша толыққанды мәлімет берді.

Департамент басшысы Саян Қылышұлының айтуынша, тәуекел картасында құрылыс, денсаулық, білім, экология, жолдар мен инфрақұрылым, әлеуметтік сала, спорт, бизнес, апатты және тозығы жеткен тұрғын үй саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Аталған 9 саланың бүгінде 6-ы қамтылды.

Үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша «Бизнеске жол» жобасы аясында 207 кәсіпкердің құқығы қорғалды. Мемлекеттік сатып алу мониторингінде жыл басынан бері 957 млн. теңге үнемделді. ҚР ӘҚБтК-нің 173 және 680-баптары бойынша 12 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ендігі кезекте экология саласында құм-қиыршық тас қоспасын заңсыз өндіру бөлігінде, сондай-ақ, инфрақұрылым саласы сумен, жылумен, газбен жабдықтау, кәріз тазарту желілеріне қаражат жұмсау мәселелері қарастырылмақ.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары Департамент назарында. Осы тұрғыда тұрғындар өз ұсыныстары мен өтініштерін білдіре алады.

Мәліметпен бөлісу: