Сынақ аяқталды

Аудандағы мектеп бітіруші 693 түлектің биыл 650-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Олардың ішінде 62 «Алтын белгі» иегері мен 37 «Үздік атесттат» алғандар бар.

Тестілеу сынағы ауданда екі кезеңде өтіп, алғашқы күні 374, екінші тәулікте 276 оқушы білімдерін дәлелдеді.

Жүректері лүпіл қаққан балаларға аудан әкімі Ә.Жақанбаев ізгі ниетін білдіріп, сынақтан сүрінбей өтулеріне тілектестік білдірді.

Аудандық білім бөлімінің басшысы М.Төлеужанов ҰБТ-ның өту тәртібімен таныстырып, түлектерге сәттілік тілесе, ҚР Білім және ғылым минситрлігі комиссиясының төрағасы Е.Қабиев шәкірттерге еш алаңсыз, тек өз білімдері мен күштеріне сеніп, тестілеуден ойдағыдай өтулерін

Сынақтың алғашқы күнінде Үшарал №2 орта мектебінің түлегі Д.Сәбитқызы  131 балл алса, екінші тестілеуде Үшарал №1орта мектебінен Е.Слямова 137 балл жинап, ең жоғарғы көрсеткішке қол жеткізді. ҰБТ-ның нәтижесі бойынша орташа балл 77,9 пайзды құрады.

Н.МАҚСАТҰЛЫ.

Мәліметпен бөлісу: