Сырда туған сұңқар ақын

XX ғасыр тарихында көрнекті орынға ие болған сыршыл, лирик ақын әрі жазушы Әбділдә Тәжібаевтың туылғанына 110 жыл толуына байланысты аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Тәжібаев оқулары» атты аудандық байқау өтті.

Екі кезеңнен тұрған додаға 15 үміткер қатысып, өз бақтарын сынады. Олар ақынның білім, ғылым және өнер тақырыптарында өрілген 2-3 поэзиялық шығармаларын мәнерлеп оқу мен пъесаларынан үзіндіні көркем шеберлікпен орындау бағыттары бойынша өз өнерлерін ортаға салды.

Шара барысында аудандық мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің басшысы Г.Жексембаеваақынның шығармаларын өскелең ұрпақ арасында насихаттау жастардың әдеби сауаттын арттыратынынжеткізсе, Т.Садиев ақындықтың қыры мен сахна мәдениетінің сырын түсіндірді.

Тартысты өткен байқау қорытындысында бас жүлдені Қайнар орта мектебінің оқушысы Б.Қорабаева, бірінші орынды Ақжар орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.Махкамова иеленді.Ал екінші орынды Бұлақты орта мектебінің оқушысы А.Шеризат пен Көктұма ауылдық округінен І.Алтаев алса, үшінші орынғаҚант зауыты орта мектебінің оқушысы А.Исмагулова мен №3 Қабанбай орта мектебінің оқушысы Ә.Турсынжанова қол жеткізді. Жүлдегерлер мен жеңімпаздарға дипломар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Ұ.АРЫМБЕКОВА,

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті журналистика мамандығының 4 курс студенті.

Мәліметпен бөлісу: