Тұрғындарды қабылдады

Кестеге сәйкес, аудан әкімдігінің мәжіліс залында жеке қабылдау өтті. Бұл кездесуге аудан әкімінің орынбасары М.Төлеужанов, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекция бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Жұмабеков, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Садирбекова қатысты.

Жеке қабылдауға келген тұрғындардың бәрі дерлік тұрғын-үй мәселесі бойынша жүгінген. Кезектің алға жылжуы, үй алу мүмкіндігі секілді сұрақ қойған азаматтарға тиісті мекеме басшылары жауап берді.

Бүгінде аудан жұртшылығын толғандырған бұл сұрақтың шешімі – біреу. Өз кезегін күтуден басқа амал жоқ. Себебі бүгінде кезек саны толықтай автоматтандырылған. Яғни кезекке жеке адам әсер ете алмайды. Ал кезектің баяу жылжуы берілген үйге байланысты. Үй тапсырылғанда белгілі бір әлеуметтік топтарға теңдей бөлінеді. 

Дәл қазір Үшарал қаласында тағы бір 60 пәтерлі үйдің құрылысы жүріп жатыр.

А.ӘБИТҰЛЫ.

Мәліметпен бөлісу: