Аудан әкімі Ә.Жақанбаев желілік кестеге сәйкес жуырда өңір тұрғындарын қабылдап, олардың мұң-мұқтажын тыңдады.
Келушілер көбіне тұрғын үй мен жер алу мәселелерін қозғап, әкімдіктен көмек көрсетуді сұрады. Себебі баспана базынасы бүгінгі таңда өзекті тақырыптардың көшін бастап тұр. Өңір басшысы тұрғындарды үймен қамтамасыз ету мен баспана тұрғызуға берілетін жер мәселесі төңірегінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, кезекте тұрған азаматтардың сұранысын қанағаттандыру үшін барларын салатынын жеткізді.
Бұдан бөлек үй құжаты мен жеке кәсіппен айналысу жайлы,жұмысқа орналасусынды тақырыптар төңірегінде әңгіме қозғалып, бұл сауалдардың да жауабы мен шешімі айтылды.
Қабылдауға қатысқан бөлім, мекеме басшылары мен тиісті орган өкілдері де түйінді мәселелерді ретке келтіруде аянып қалмайтындарын алға тартты.
Н.ЮСУПБАЕВ.