Тұрғындармен жүздесуде

№14 сайлау округі бойынша Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Бекпаев
Ерікжан өзінің сайлауалды бағдарламасын насихаттау мақсатында ауыл тұрғындарымен жүздесіп, еркін түрде сұхбат жүргізуде.

Сайлауалды насихат жұмыстарының кезекті кездесулерін сауда орындарында ұйымдастырды. Бұндағы басты мақсат халықтың ортасында болып, жұртшылықтың ойындағы талап-тілек, ұсыныс-сұраныстарын тыңдау.

Жаңа Қазақстанды құру жолында жаңаша серпінге ие болып, өзгеше істің шекпенінен ұстаудың маңыздылығы зор. Бұл ретте жаңа дәуір сұранысына сай ғұмыр кешу үшін қажетті шараларды қабылдауда, тиісті жұмыстарды атқаруда өзіндік жоспар-жобалары баршылық. Олардың барлығы ел мүддесіне қарай бағытталғаны қуантады.

Сауда орындарындағы кездесулерде осы мәселені және де өзінің кандидат ретінде алдағы уақытта атқаруды көздеген жұмыстар тізбегін таныстырып, бұқараның таразысына салды. «Халық айтса қалып айтпайды» демекші, көпшіліктің көңіл қылын дөп шертіп, пікірімен астасар дүниелерді орындау ертеңге міндет.

Қария – қазына кені, ақыл сандығы деген рас. Өмірдің небір өткелінде сүрініп көрмеген, бүгіліп көрмеген, бүлініп көрмеге ақсақалдарымыздың әр сөзі өнеге. Иығындағы шапаны мен иегіндегі сақалының салмағына қарамастан ұрпақ тәрбиесі, салт-дәстүр сақтау ісіне араласып, жастарды кемел келешекке қарай бағыттап отырған қариялардан айналып қана кетесің.

Сөзі дұғалы, тілегі дуалы қарттардың көрген-білгені мол. Олардың ақылын тыңдап, нақылынан нәр ала білсек игілік бастауы болмақ. «Үйіңде қартың болса жазылып тұрған хатпен тең» дейді дана халқымыз. Үлкенді құрмет тұтқан азамат ретінде жолына ақ бата, сапарына ізгі тілек алу мақсатында ауылдың  қарияларымен де жолықты.

Ақсақалдармен кездесіп, өзімнің және «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттап, кем-кетік, жөн-терісін сұрап, пікірлерін тыңдап қайтты. Үлкендер тарапынан жылы лебіздер айтылып, ақ баталарын алды. Бұл да дәстүрді қадір тұтқан, ата-баба жолын құрметтеген тұлға үшін жақсылық нышаны.

Үгіт-насихат жұмыстарындағы артықшылықтың бірі «Есіктен есікке» акциясы екендігі анық. Себебі, әр азаматтың шаңырағына арнайы бас сұғып, олармен емен-жарқын әңгіме өрбітіп, қолайлы форматта сөйлесудің маңыздылығы зор.

Сондықтан  өзінің алға қойған мақсат-міндеттерімді насихатату мақсатында аталған акцияны ұйымдастырып, бірталай тұрғындармен жолықты. Оларға арнайы үлестірме қағаздарын таратып, 8 желтоқсанда сайлауға келуге, жоспарлы жұмыстары көңілдерінен шықса дауыс беруге шақырды.

Жалпылай алғанда, қауымның пікірі жақсы. Президенттің «Жаңа Қазақстанды» құруға бағытталған реформаларын қолдауда, өзгерістерге дайын екендіктерін жеткізуде. Сол өзгерістердің алғашқы қадамындарының бірі де осы депутаттар сайлауы екендігін де жақсы түсінуде.

(Аудандық сайлау қоры есебінен төленді)

Мәліметпен бөлісу: