Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 30. 07. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Тұрақты экономикалық өсімге жол ашады

Еліміз алдағы онжылдықтардағы болашағын айқындайтын стратегиялық шешім қабылдаудың алдында. Ол – елдің энергетикалық тәуелсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізі бола алатын атом электр стансасының (АЭС) құрылысы. Мемлекет басшысы Жолдауда осы мәселеде елдің бір тоқтамға келер сәті таяғанын еске салып, референдум уақытын белгіледі.

«Елімізге сенімді және эколо­гия­лық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергети­ка­сын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын», деді Пре­зи­дент. Сөйтіп, бұл мәселенің біз үшін қаншалықты өзекті екенін айқындап берді. Жүйелік оператордың болжамынша,  2030 жылға қарай еліміз электр энергиясының тапшылығын қатты сезіне бастайды. Тапшылық 2030 жылдың соңына қарай өндірістік қуат деңгейінің шамамен 10%-ын құрауы мүмкін. Бұл тапшылық қазірдің өзінде жүйеде 2 000 МВт-тан астам қуатты қамтамасыз етуге қабілетті ауқымды генерация­ны құру қажеттігін көрсетеді. Егер мүмкіндігі мен болашағын ескерсек, атом энергетикасы бұл қиын­дық­ты еңсерудің оңтайлы шешімі сияқты.

Біріншіден, еліміз айтарлықтай уран қорына ие. Әлемдік нарықта жетекші орын алады. 2023 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша елімізде уранның дәлелденген қоры 990 мың тоннаны құрайды. Ал оны кейінгі жылдағы өндіру көлемі 21 мың тоннадан асты. Бұл елімізді осы стратегиялық ресурстың ең ірі өндірушісіне айналдырады. Уранды АЭС-терде электр энергиясын өндірудің негізі ретінде пайдалану еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін айтар­лық­тай нығайтуға мүмкіндік бере­тіні анық.

Екіншіден, елдің энергети­ка­лық қоржынына АЭС-ті енгізу электр энергиясының импортына тәуелділік мәселесін шешуге көмектеседі. Биыл бірінші жар­ты­жылдықта Ресейден электр энергия­сын жеткізу өткен жыл­дың сәйкес кезеңімен салыс­тыр­ғанда 29%-ға өсіп, 1 млрд кВтсағат болды. Бұл Ресей электр энергиясының жалпы экспортының 50%-ын құрады. АЭС-тің артықшылығы сол – ел­дің энергетикалық жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді. Әсіресе ең жоғары жүктеме кезең­дерінде және күзгі-қысқы мезгілде.

Үшіншіден, атом энергиясы экологиялық тұрғыдан таза. Көмір, мазут және газ сияқты дәстүрлі энергия көздерімен салыстырғанда, АЭС атмосфераға көмірқышқыл газын шығармайды. Бұл оны климат өзгеруіне қарсы жаһандық күресте ерекше өзекті етеді. Ел көміртегі ізін азайтуға және қоршаған ортаны сақтауға міндеттеме алған мемлекет ретінде атом энергиясын осы мақсаттарға жетудің сенімді құралы ретінде қарастырады.

Төртіншіден, АЭС құрылысы елдегі өнеркәсіп пен ғылымның дамуына да серпін береді. АЭС-ті салу арқылы 2 000-ға жуық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік туа­ды. Елімізде қазірдің өзінде атом энергетикасы саласында айтар­лық­тай тәжірибе жинақтаған мамандар мен ұйымдар бар. Соның нәтижесінде жобаны тиімді жүзеге асыра аламыз деп сенемін.

Кейінгі бірнеше жылда еліміз ұзақ мерзімге ар­нал­ған электр энергетикасы са­ласын дамыту стратегиясын әзірлеуде елеулі жұмыс ат­қарды. Осы стратегияның аясында АЭС салу мүмкіндігіне қатысты барлық аспекті зерттеліп, оған еліміздің энергетикалық жү­йесіне органикалық түрде сәй­кес келетінін растайтын техни­ка­лық-экономикалық модельдеу жүргізілді. Президенттің осы жолғы Жолдауында айтқан энергетика және коммуналдық сектор туралы тезистер стратегияны әзірлеу ба­ры­сында алған тұжырымға то­лық сәйкес келеді.

Осылайша, біз электр энергия­сы нарығының 90%-дан астамын бірік­тіретін еліміздің негізгі сарапшы энергетикалық қоғамдастығы ретінде Қазақстанда АЭС салу туралы шешім қабылдау тұрақты экономикалық өсу мен елдің энер­гетикалық дамуы жолындағы маңызды қадам болатынына сенім­діміз.

Талғат Темірханов,

«Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығы» ММ төрағасы 

Мәліметпен бөлісу:

  • WhatsApp
  • Twitter
  • ВКонтакте
  • WhatsApp
  • Одноклассники
  • РњРѕР№ РњРёСЂ

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov