Күллі адамзат баласын төгіп берер байлығымен асырап отырған табиғат кейде сілкініп, жұлқынып мінез көрсететіні де жасырын емес. Ал оның салдары тіпті адам шығынына да әкелуі ғажап емес. Сондықтан да қолды мезгілінен кеш сермемей, төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында аудан әкімі Ә.Жақанбаев ауа райының күрт өзгеріп, күннің лезде жылуына байланысты шұғыл жұмыстарды қолға алды.
Мұздың еру салдарынан су мөлшері көтіріліп, жағаларды шая бастаған Тентек өзені өзіне жақын орналасқан үй иелерінің қорқынышын ұлғайтқаны мәлім. Осы ретте аудан әкімі бастаған жұмыс тобы алдымен тікұшақ арқылы өзен бойын толықтай аралап, қауіпті аймақтардың жағдайымен танысты.
Артынша тиісті бөлім, мекеме қызметкерлері, қала тұрғындары және белсенді жастар су тасуының алдын алу және жағалауды нығайту мақсатында қызу жұмысқа кірісті. Олар суды бөгу үшін өзен бойына тас, топырақ үйіп, қауіп-қатер басылғанша шыдас беретіндей тосқауыл орнатты. Сондай-ақ қалың қатқан мұзды жарып, өзеннің өз арнасымен ағуына жол ашты. Аталған жұмыстарға 25-ке жуық арнайы техника жұмылдырылды.
Әзірге Үшарал қаласының тұрғындарына келіп-кетер қауып жоқ. Алдағы ауақытта да төтенше жағдайларға төтеп беру мақсатында көптеген істер өз жалғасын таба бермек.
А.ЕСЕНБЕКОВ,