Қазақстанның кәсіби мерекелер қатары 2013 жылы – Еңбек күнімен толысқан болатын. Сол уақыт аралығынан бері маңызды мейрам дәстүрлі түрде тойланып, биылда өз жалғасын тапты.
Айтулы күнге орай З.Қойшыбаева атындағы аудандық мәдениет үйінде мекеме басшыларының, қалалық, ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлерінің, жастар ісі жөніндегі нұсқаушылар мен ауданның Құрметті азаматтарының қатысуымен салтанатты жиын өтті.Жерлестерін құттықтаған өңір басшысы Ә.Жақанбаев айтулы мерекенің құндылығына тоқталып, еңбек нарығында жұмыс атқаратын азаматтардың жайына тоқталып, іскерлік қабілеті мен кәсіби біліктілігін көрсете білген қызметкерлерді марапаттады.
Артынша ізгі ниетін жеткізген медицина саласының үздігі, еңбек ардагері, ауданның Құрметті азаматы З.Сейілханова жәнеҮшарал қазақ гимназиясының мұғалімі, жас маман Е.Омархановкөпшілікті маңыздылығы астасқан күнмен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.
Шара соңы аудан өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.
А.ИМАНАСОВА.