2018 жыл Талғар ауданы үшін табысты болып, экономикалық, әлеуметтік және тағы басқа маңызды салаларда бірқатар іс-шаралар атқарылған. Соның нәтижесінде мемлекет бюджетіне 25 млрд. теңгеден астам пайда түскен, — деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
Талғар ауданының әкімі Рыскелді Сәтбаевтың айтуынша, былтырғы жылы ауданда өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік сектор, мәдениет салаларында тың жұмыстар атқарылған.
«Өткен жылды қорытындылай келгенде, ауданымыздың жеткен жетістіктері аз болған жоқ. Бірнеше зауыттар іске қосылып, күз айында орылатын егін ойдағыдай жиналды және халық игілігіне жұмсалатын жаңа нысандар бой көтерді. Сол жұмыстардың орындалуы барысында көзделген меже 104%-ға орындалып, кеткен шығынның мөлшері 19 млрд. теңгені құрады. Бөлінген қаражат 100-ға пайызға игерілген. Біз бұнымен тоқтап қалмақ емеспіз. 2019 жылға да инвестициялық жобалардың сметалық құжаттары даярланып жатыр», — деді ол.
Ауданда атқарылған жұмыстарды тарқатып айтсақ: өңір аумағындағы өнеркәсіп көлемі 36 млрд. теңгеге жеткізілген. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 6 млрд. теңгеге артқан көрсеткіш болып табылып отыр. Жалпы құны 6,7 млрд.теңгені құрайтын 5 инвестициялық жоба іске асырылып, 500 жаңа жұмыс орны кадрлармен, жас мамандармен қамтамасыз етілетін болады. «Алель агро» мал соятын цех құрылысы, «Баймене» жеміс қоймасы, «Массари» көкөніс қоймасы және өндірістік жылыжай кешенін салу, «Енбек» шаруа қожалықтырында өндірістік жылыжай кешенін ашу сол аталмыш жобаның құрамына кіреді.
Ал, ауыл шаруашылық саласында 49 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 4 пайызға артық орындалған. «Апорт» бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде аудандағы «Апорт» бағы 291 га жеткен. Одан бөлек, 14 мың тонна ет, 58 мың тонна сүт, 24 млн.дана жұмыртқа өндірілген. 20 тонна сиыр еті Қырғыз Республикасына экспортталып, «Агробизнес 2020» бағдарламасымен 900млн.теңгеге мемлекет көмегінен субсидия алынған. Ендігі жалпы өнімнің көлемін 7 пайызға арттырып, 52 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.
Жалпы, аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің 10 431 белсенді субъектісі жұмыс істейді, олар 27 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Кәсіпорындар санының өсуімен олар шығаратын өнімнің көлемі де өсіп келеді. Өткен жылы өнім мен жұмыс көлемі 70 млрд. теңгені құрап, ауыз толтырып айтатын нәтижелерге қол жеткізілді. Кәсіпкерлік субъектілеріненбюджетке 14 млрд.теңге түсіп, қазынаға түсетін түсімдердіңүлесі 56%-ды көрсетті.
Құрылыс жұмыстары аясында 26 млрд. теңгеге құрылыс жұмыстары орындалып, 142 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Талғар қаласында жалпы ауданы 5,3 мың шаршы метр 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысы аяқталуда. Ағымдағы жылы 2 60 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үйдің және инженерлік инфрақұрылымның құрылысы басталады. Барлығы 26 млрд. теңгеге құрылыс жұмыстары орындалып, 142 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.
Кәсіпкерлік сектордың жандануы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы арқасында жаңа серпін алып отыр. Мемлекет қаржыландырған 24 жобаның арқасында 42 жаңа кәсіпкерлік нысаны ашылған. Қазіргі таңда онда 445 жұмыс орны қызмет атқарады.
Сумен қамтамасыз ету жұмыстары да көңіл көншітерліктей. 2018 жылы сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 1,3 млрд.теңге бөлінсе, биылғы жылға 1,5 млрд. теңге қарастырылып отыр. Қаратоған ауылында (66 млн. т) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Тереңқара( 235 млн.т), Нұра(1044 млн. т), Остемир(488 млн. т) және Кендала (230 млн. т) ауылдарындағы сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Өткен жылы аудан бойынша жалпы сомасы 925 млн.теңгеге 19 елді мекенде 41 км автомобиль жолдары жөнделген. Ол қатарға Бесағаш, Панфилов, Тұздыбастау, Белбұлақ,Қайнар, Нұра ауылдық округтері еніп, қазіргі таңда халық игілігінің пайдалануына берілді.
-«Өткен жылы ауданымыздың жеткен жетістіктері аз болған жоқ, бірақ әліде шешімін табатын мәселелер баршылық. Ендігі сол олқылықтардың орнын толтырып, келер жылы көздеген белестерімізді бағындырамыз», — деп қорытындылады аудан әкімі.
Темірлан АЙТБАЕВ