Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 10. 05. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Талғар және Қаратал аудандарында үнділік індет табылды

Алматы облысында үнділік «Дельта» штаммын жұқтыру анықталды. Өңірде КВИ белгілері бар 17 мыңнан астам жағдай тіркелді. Ал, соңғы тәулікте 52 адам індетке шалдыққаны расталып отыр. Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында мәлім болды.

Жетісу жері эпидемиологиялық бақылау матрицасына сәйкес, облыс жасыл аймақта орналасқан. Деседе, Балқаш, Ескелді, Жамбыл, Іле, Қарасай, Қаратал, Сарқан, Көксу, Талғар аудандары мен Текелі қаласында аурудың өсу қарқыны жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр. «Эпидемиологиялық тексеру арқылы инфекцияның ықтимал орындары анықталды. Мәселен, бір отбасы мүшелері арасында – 23,1%-ы ауруды жұқтырып алған, базарларда — 11,5%, сауда нысандарында – 15,2%, қоғамдық көлік — 11,5% және отбасылық іс-шаралар (той, құдалықтар және басқалар) – 11,5 % сырттан келген жағдайлар тіркелмеген»,-дейді Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ерғали Сыдыманов. Облыста Талғар және Қаратал аудандарында «Дельта» жаңа үнді штаммын жұқтырудың 2 жағдайы анықталған. Спикер, аты жаман індетке шалдығушылар екпе алмаған тұрғындар болып отыр дейді. Өз сөзінде, Ерғали Сыдыманов вакцина алудың тиімділігі жоғары екенін атап өтті.

Дәл осы екпеге келер болсақ, аймаққа жалпы саны 408 475 доза вакцина келіп түскен. Оның ішінде 39 500 Hayat-vax, 332 975 Гам-Ковид-вак, 8000 Qaz-вак және 28 000 CoronaVac. 2 компонент 253 350, оның ішінде 39 500 Hayat-vax, Гам-Ковид-вак 177 850, Qaz-вак 8000 және 28 000 CoronaVac.
Бірінші компонентпен барлығы – 346 922 адам, ал екіншісімен – 208 094 егілді.
«ДДҰ деректері бойынша Қазақстанда қолданылатын вакциналар коронавирустық инфекцияның үнді, британдық, оңтүстік Африка және бразилиялық штаммдарына қатысты тиімді екенін атап өткен жөн»,-дейді спикер.
«Аshyq» жобасын енгізу басталғаннан бері мониторингтік топтармен бағдарламаны пайдалана отырып, қызметін жүзеге асыратын 589 объект қамтылды.
QR-кодты сканерлеу кезінде облыс бойынша «қызыл» және «сары» статусы бар 110 келуші анықталды, оның ішінде «қызыл» статус 41 келушіде, «сары» статус 69 келушіде болған.
Айта кетейік, үй карантинін бұзғаны үшін «қызыл» статусы бар тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 802-бабы бойынша жауапқа тартылады.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov