Тұрмыстық зорлық көрген жандарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатындаТалдықорғанда «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету» орталығы құрылды. Бүгінде аталмыш мекемеде 16 қызметкер жұмыс істейді.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде әлеуметтік қызметтер көрсетілгендердің жалпы саны 45, оның ішінде 20 әйел, 25 бала бар.
Қазіргі таңда 7 әйел жұмысқа орналастырылса, 2 әйел жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен шаштараз, аспазшы курстарына оқуға жіберілді. 2бала балабақшаға, 3-і мектепке орналастырылды.Сондай-ақ мектеп жасындағы балаларға «Мектепке жол» акциясы аясында, мектепке қажетті мектеп формасымен, канцеляриялық оқу құралдары және спорттық киімдермен қамтамасыз етілді.Қызмет алушылар ас мәзіріне сәйкес 4 мезгіл тамақтандырылады. Сонымен қатар стандартқа сәйкес киім – кешектермен қамтамасыз етіліп отырады.
Бүгінгі күні орталықта 17 адам оның ішінде 10 әйел, 7 бала әлеуметтік көмек алуда. Арнаулы әлеуметтік қызмет алушыларға стандартқа сәйкес қызметтің 8 түрі: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық сияқты түрлері көрсетіледі.
«Алматы облысы бойынша анықтамалық-ақпараттық қызмет ұйымдастыру үшін«1301» сенім телефондарына телефон шалу тегін. Сонымен бірге, «410398» телефоны арқылы да қызмет түрлері бойынша әр түрлі кеңестер алуға болады. Осы күнге дейін 44 адамнан қоңыраулар қабылданып, құқықтық, психологиялық кеңестер берілді»,-деп қорытындылады Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жеңісбайұлы.