Талдықорғанда сандық технологиялардың дамуы жайлы семинар өтті

«Цифрлық  Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Алматы облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен«Жаңа трендтердің қоғам дамуындағы зерттеу индустриясына ықпалы» тақырыбында жиын өткізілді. Онда Мәскеу қаласының Саяси технологиялар бюросының жетекшісі Максим Сучков осы саладағы ақпараттық технологиялардың дамуы туралы айтты.

«Шынымды айтсам, мен сіздердің мамандарыңыздың біліктілігіне көңілім толып отыр. Осы кездесу барысында  облыстажүргізіліп жатқан ақпараттық саясатпен таныстым.Менің міндетім әлемде, атап айтқанда Ресейде, Мәскеуде осындай жұмыстармен қалай жұмыс істейтінін көрсету. Жылдар бойы ақпараттық саясат пен әлеуметтануды зерттеумен айналысқандықтан, тәжірибем Қазақстандағы әріптестеріме пайдалы болады деген ойдамын», — дейді спикер.

Ол сондай-ақ осы саланың  Ресейдегі өзектілігінетоқталып өтті. Онда да  еліміздегідей әлеуметтік саясат алдыңғы қатарда тұр екен.

«Қазақстанда әлеуметтік саясатқа және әлеуметтік шиеленісті азайтуға қатысты Президенттің 5 Жарлығы бар болса, Ресейде 9 Жарлығы бар. Бұл тақырыптағы мәселелер  біздің елде 2 жыл бұрын өзекті болған», — деп қосты М.Сучков.

Сонымен қатар спикер ақпараттық саясат пен әлеуметтану адамдардың көңіл-күйіне қалай әсер ететінін, ақпараттық технологиялардың дамуы билікпен өзара тығыз байланысты екенін айтты.

Семинар соңында «Талдау және болжау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Максим Сучковтың саяси технологиялар бюросы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады.

 

Мәліметпен бөлісу: