Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Дін және қоғам
      • Заң және тәртіп
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Сайлау-2025
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 08. 11. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Дін және қоғам
    • Заң және тәртіп
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Сайлау-2025
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

ТАЛДЫҚОРҒАНДА ТЫҢ ЖОБА ҰСЫНҒАН ЖАС ҒАЛЫМДАРҒА ҚОМАҚТЫ ҚАРЖЫ БЕРІЛДІ


Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Алматы облысында «Жас ғалым» ғылыми-инновациялық жобалар байқауы өтіп, оған 30-дан астам жас өздерінің түрлі саладағы ғылыми еңбектерін ұсынды. Олар жасыл энергетиканы дамыту, білім саласына инновация енгізу, мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға бейімделуін жеңілдету және басқа да бағыттарда еңбектенген. Жеңімпаздарды Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дәндібаев марапаттады. Бұл туралы «Жетісу» газеті Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының мәліметіне қарағанда «Жас ғалым» ғылыми инновациялық байқауы өңірдегі жастардың бастамаларын қолдау мен олардың ғылыми әлеуетін арттыруды мақсат етеді. Байқауда 8 жас дара шығып, олар 300 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін ақшалай сыйлықтармен марапатталған.

Мәселен, Тимур Рақысбаев «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Zerdeli bala» оқыту мобильді қосымшасы» жобасын ұсынып, бас жүлдеге ие болса, бірінші орын алған Сүлеймен Демирел атындағы университеттің компьютер ғылымдары мамандығы бойынша PhD-да оқитын Аймөлдір Алдабергеннің жобасы инклюзивті білім беру ұйымдарының жұмысын жеңілдетуге арналған.

Аймөлдір Алдаберген дислексиясы бар балаларға арналған жасанды интеллектке негізделген анимациялық генератор алгоритмін құру туралы жобаға кірісу жайындағы ой алғаш докторантурада оқи бастағанда келгенін айтады.

  • Қазақстанда дислексиясы бар балаларды тәрбиелейтін 19 мектеп бар. Мен жобаға кірісер алдында сол мектептермен байланысып, сала мамандарының ой-пікірлерін тыңдадым. Олар мұндай жобаның қажет екенін айтты. Қазір педагогтар балаларға мәтіндерді сурет арқылы ұғындыру үшін оны пластилиннен жасап көрсетеді. Бұл едәуір уақытты алады және шығыны көп дейді мамандар. Ал менің жобамда мәтін бойынша суреттерді анимация арқылы жылдам көрсетуге мүмкіндік бар, — дейді жас ғалым А.Алдаберген.

Инклюзивті білім беруді дамытуға қосылған елеулі үлес деуге тұратын жобаны білім жүйесіне енгізсе, технологиялық жаңалық бұл саланың жүгін едәуір жеңілдетпек. Сол сияқты «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Дамир Нұркежанов «Future-IT» робототехника мектебі», Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің студенті Жігер Берліғожа «Eko Green», С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенті Гүлім Серғалы «Мүмкіндік» («Opportunities»), С.Демирел атындағы университетінен Қамар Бегайым «Қазақстанның ЖОО-да оқуға арналған гранттарды талдау», І.Жансүгіров университетінің жанындағы колледж студенті Сапар Сұлтан «Энергия өндіретін инновациялық тақтайша», Юлия Лим «Жастар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Потенциал» уақыт клубы» жобаларымен үздіктер қатарынан көрінді.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Мәліметпен бөлісу:

  • WhatsApp
  • Twitter
  • ВКонтакте
  • WhatsApp
  • Одноклассники
  • Мой Мир

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Дін және қоғам
  • Заң және тәртіп
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Сайлау-2025
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov