Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Дін және қоғам
      • Заң және тәртіп
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Сайлау-2025
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 08. 10. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Дін және қоғам
    • Заң және тәртіп
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Сайлау-2025
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Тарихи сананы жаңғырту – егемендігіміздің тұғыры

Елбасы қандай мәселені көтермесін, қандай Үндеу жарияламасын, ұлттық құндылығымыздың өзегін сақтауды ескере отырып, жаңаша жаңғыру тәсілдерімен әлемдік өркениетті бағындыруға жол сілтейді. Қазақстан дамудың даңғыл жолына түсіп, әлемдегі дамыған озықелдердің қатарына қосылуы үшін ең алдымен ұлттық тарихымызды түгендеп, тарихи сананы жаңғырту қажеттігін де әрдайым айтып келеді. «Қазақстан-2050» Стратегиясында» бүкілқазақстандық бірегейлікті халқымыздың тарихи санасының өзегіне айналдыруды жаңа патриотизмнің алғышарты ретінде айрықша атап өтіп,  «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру  жұмысын жалғастыруымыз керек»,- деген болатын. Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры»атты мақаласы – сол ауқымды жұмыстың логикалық жалғасы әрі оған серіпіліс беретін тарихи құжат.

«Тарихсыз ел болмайды» демекші, тарихты жете білмесек, болашақты айқын құра алмайтынымыз анық. Міне, Елбасы осыны түсіндіреді. Ұлы даламыздан бастау алған: атқа міну мәдениеті, ежелгі металлургия, аң стилі – тұрмысымыздың сапалы да ауқатты болғаны; алтын адамның табылуы, түркі әлемінің бесігі саналуы, Ұлы Жібек жолының кесіп өтуі – мәдениетке бай болғандығы; алма мен қызғалдақтың Отаны болып есептелуі – жеріміздің киелілігінің белгісі.

«Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының тарихи орнын айқындау ұлттық тарихымызды зерделеуден басталады. «Шыр айналған дүниеде, тарих толқынында көпэтникалық қазақ халқының орны қайда, оның әлемдік өркениетке қосқан үлесі қандай?»,- деген сұрақтарға мақаладан толық жауап табуға болады.Елбасы ұлттық тарихымызды жан-жақты ой елегінен өткізіп, терең зерделеу үшін тарихи сананы жаңғырту қажеттігін басты мақсат-мұрат етіп қойды. Оны бастау үшін «Архив – 2025», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Түркі әлемінің генезисі», «Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы», «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» сияқты іргелі алты жобаны ойлы негіздермен жүзеге асыру міндетінкүн тәртібіне қойып отыр.

Бұл жобалардың әрқайсысы ұлттық тарихымызды түгендеп, тарихи сананы жаңғырту ісіне елеулі үлес қосары анық. Оларды іске асыруда еліміздің тарихшылары, әдебиеттанушылары, мәдениеттанушылары үшін ауқымды да, жауапты жұмыстар басталып отыр. Мұндағы мақсат айқын, ол – еліміздің төл тарихын білу арқылы тарихи сана қалыптастыру.Ал тарихи сана арқылы ұлттық сана өсіп жетіледі, ұлттық санамыз биік деңгейге көтерілсе, егемендігіміз тұғырлы болатыны анық.

Б.НҰРАХМЕТОВ,

Алматы технологиялық университетінің бірінші проректоры, профессор.

Мәліметпен бөлісу:

  • WhatsApp
  • Twitter
  • ВКонтакте
  • WhatsApp
  • Одноклассники
  • РњРѕР№ РњРёСЂ

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Дін және қоғам
  • Заң және тәртіп
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Сайлау-2025
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov