Тарихи жолдағы тың серпіліс

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында   дамыған  30  елдің  қатарына  ену  үшін қазақ  халқын рухани кемелденуге шақырады.  Сол  арқылы жаңа заман талабына сай ғылым, білім салалары жанданып, түрлі жаңалықтар ашылмақ.

Елбасы  мақаласында қазақ жазуын латын  әліпбиі  негізінде жасауды жаңа міндеттер қатарына  қосты. Бұл үрдіс  осыған дейін де 1929-1940 жылдар аралығында  жүзеге асқан, алайда кейіннен жазуымыз кириллицаға  ауысқан. Архив  қазынасында  1928  жылдан  басталатын  ауданымыздан  шыққан,  бүкіл саналы өмірлерін Кеңес өкіметін орнатуға, социалистік   құрылысты   дамытуға арнаған  дара тұлғалардың  араб — латын   тілдерінде жазылған  құжаттары сақталуда.

Ата-бабаларымыздан мирас  болып қалған тарихи жәдігерліктерге көзіміздің қарашығындай  қарау  – біздің міндетіміз.

Мемлекет  басшысы жалпыұлттық  патриотизмнің  өзегіне айналатын «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Аталмыш  жоба Ассамблея үшін зор мүмкіндіктер туғызып отырғанын,  басқа ұлт өкілдері  өздерінің мәдениетін әлем жұртшылығына ұсына алатын-дығын атап  өтті. Айдынды Алакөл ауданында 16–ға жуық ұлт пен ұлыс өкілдері, сондай-ақ   славян  және татар этномәдени орталықтары  бар. Олар тәуелсіз Қазақстанда  тату-тәтті ғұмыр  кешіп, оның  дамуына  өз  үлестерін  қосуда.

Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  атты   мақаласында  айтылған тап-сырмалардың орындалуына  Қа-зақстанның  әрбір  азаматы  өз  үлесін  қосса, болашағамыз  жарқын, келешегіміз  кемел  болары  сөзсіз.

 

Э.Бактыбаева,

«Алматы облысының  мемлекеттік архиві» КММ-нің Үшарал филиалының директоры.

 

 

Мәліметпен бөлісу: