Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 11. 08. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

«Тарлан» спорт кешені Жетісудың талантты тарланбоздарын шыңдайды

Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы «2020 жылға халықтың 30%-ға дейінгі үлесі бұқаралық спортпен айналысуы тиіс» деген қағидаты – бүгінгі күні республикалық деңгейде жүзеге асып келеді. Осы жолдаудың шеңберінде және дене шынықтыру саласының әлеуетін арттыру мақсатында облыстық «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында «Тарлан дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің сервистік қызмет көрсетуі бойынша келісімшартқа қол қойылды.

Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Н.Теңізбаев пен 2004ж. Олимпиада чемпионы, «Тарлан батырлары» ЖШС-нің директоры Б.Артаевтың қол қойылуымен жүзеге асырылатын келісімшарт мерзімі – бес жылға дейін созылады.Қаржылық көлемі – 197млн.тг. Көрсетілген мерзім ішінде– «Тарлан» спорт кешені келем деуші барша азаматтарға тегін әрі сапалы қызметі түрлерін көрсететін болады. Одан бөлек, мүгедек жандар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар да назардан тыс қалмақ емес.

 Білікті мамандар мен бапкерлердің жетекшілік етуімен жұмыс жасайтын кешен — бокс, дзюдо, еркін күрес және ауыр атлетика сынды спорт түрлеріне айқын басымдық танытатын болады. Бұл туралы Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Н.Теңізбаев баяндады. Жиын барысында ол: «Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың рухани реформаны көздеген «Туған жер»мемлекеттік бағдарламасы – бүгінгі күні бағыт-бағдарын айқындаған Қазақстан халқының бой түзер бағдаршамы ретінде баланып келеді. Аталмыш бағдарламаның аясында елге белгілі азаматтар мен атымтай-жомарт жақсылар туған жердің тұғырына түйіршіктей болсын тағылым дарытып, қолдан келген көмектерін аямай, қолғабыс етуде. Игі істің бір мысалы ретінде, Алакөл ауданы Үшарал қаласының шығыс жақ беткейінен орын тепкен «Тарлан дене шынықтыру, сауықтыру кешенін» атап өткелі отырмын. Бүгінгі күні 200-ден астам жас өрендер мен талантты тарланбоздарды дайындайтын Тарландықтардың Қазақ спортының іркілмей ілгері басатын бастама болмақ.  Елге белгілі азамат С.Мыңбаевтың қаржылай демеушілігімен салынған бұл орталықтың қарапайым халық арасында бұқаралық спортты дамытатын бірден-бір серпін» деп баға берді.

          Одан кейін, «Тарлан батырлары» ЖШС-нің директоры, Олимпиада чемпионы, «Вэл Баркер» кубогінің иегері Б.Артаев ғимаратқа толықтай шолу жасады. Оның айтуынша, жалпылама аумағы 6000 шаршы болатын кешеннің құрылыс жұмыстарын  «BB Company» ЖШС-і жүргізген. Ғимараттың ішінде түрлі спортқа бейімделген залдар мен секциялардан бөлек, жаттықтырушылар мен дәрігерлер бөлмесі, киім ауыстыру және жуыну бөлмелері орналыстырылған. Онымен қоса, кешеннің сыртқы жағында футбол алаңы мен «Street workout» қалашығы да орын тепкен. Ел ертеңі үшін етігімен су кешер азаматтардың ерен еңбегі – күллі қауымға мысал болып, ендігі облысымыздың әр аудандарында да осы сынды игі бастамалар еслене берсін!

Темірлан АЙТБАЕВ

Мәліметпен бөлісу:

  • WhatsApp
  • Twitter
  • ВКонтакте
  • WhatsApp
  • Одноклассники
  • РњРѕР№ РњРёСЂ

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov