Тауар бағасы тексерілді

Жуырда аудан әкімінің орынбасары А.Ахановтың бастаған тиісті мекеме, бөлім басшылары мен өкілдері аудан аумағында орналасқан сауда орындарын, азық-түлік дүкендерін аралап, әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасын қадағалау бойынша тексеріс жұмысын жүргізді.

Зерделеу шарасының барысында Үшарал қаласы, Қабанбай, Ақжар, Теректі ауылдарында бой көтерген сауда-саттыққа бағытталған жеке кәсіп нысандары қамтылып, барлығы 3 әмбебап базар, 14 дүкен, 4 дәріхана мен 1 наубайхана араланды.

Әр нысанға бас сұққан аудан әкімінің орынбасары А.Аханов кәсіп иелерімен жеке сұхбаттасып, тауар бағасын бір қалыпта сақтау мәселесі бойынша біраз түсіндірме жүргізді. Әлеуметтік маңызды тауар санатына жататын азық-түліктердің құнын өсіру жауапкершілікке, түрлі кқлемдегі айыппұл салуға әкелетітін ескертті.

Тексеріс барысында бағаны өсіру бойынша мәліметтер тіркелмеді, алайда тауардың құнын белгілемеу, сатушылардың арнайы формалар сақтамауы сынды олқылықтар байқалды. Тиісінше кемшіліктер негізінде ескерту айтылып, тез арада ретке келтіру жүктелді.

Іс бұнымен аяқталып қалмақ емес. Баға мәселесі алдағы уақытта да назардан тыс қалмау, тексеру жұмыстары өз жалғасын таба бермек.

Н.МАҚСАТҰЛЫ.

Мәліметпен бөлісу: