«ТАЗА ӨЛКЕ» НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен алакөлдіктер экологиялық акция жұмыстарына ерекше белсенділік танытуда.

9 сәуірден бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Республикамызда «Таза Қазақстан» атты экологиялық сенбілік жұмыстары бастау алды. Ең қызығы бұл науқан әр апта сайын түрлі тақырыпта іске асатын болады.

Осы орайда, ағымдағы апта «Таза өлке» атауымен аталып, ауданымызға қарасты 44 білім беру ұйымдары санитарлық тазалық жұмыстарын алғашқылардың бірі болып бастады.

Сенбілік жұмыстарына аудан бойынша 456 адам, 21 арнайы техника жұмылдырылып, 63 м3 тоннадан аса қоқыс шығарылды.

Барлық аудан тұрғындарын сенбілікке ат салысуға шақырамыз!

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Мәліметпен бөлісу: