Тазалық акциясына теміржолшылар үн қосты

«Киелі мекен» апталығы аясында теміржолшылар мен Достық ауылының тұрғындары тазалық акциясына белсене қатысып, тұрғындардың демалысы үшін арнайы салынған «Теміржолшылар» аллеясы мен «Жастар» аллеясына абаттандыру, тазалық жұмыстары жүргізілді.

Аталған шараны өткізудегі мақсаты — экологиялық жағдайды жақсарту, табиғатқа деген қамқорлықты күшейту.

Сенбілік жұмыстарына 100 адам, 6 арнайы техникалар жұмылдырылып, 5 тоннадан аса қоқыс шығарылды.

5 аптаға созылатын акция аясында алдағы уақытта да жұмыстар белсене атқарылатын болады.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: