Тазалық – басты құндылық

Мемлекет басшысының халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында Алакөл ауданында идеологиялық мазмұндағы іс-шаралар атқарылып келеді.

Бүгінгі таңда, экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттердің бірі. Біз қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеуіміз керек.

Осы орайда, аудандық орталық кітапханада ҚР ҰҚК ШҚ Алакөл ауданы бойынша Шекара басқармасының жас сарбаздарымен «Тазалық – басты құндылық» атты кездесу кеші өтті.

Кездесуде аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы А. Жақанбайқызы туған өлкенің табиғатын жандандыру, аудан тазалығын сақтау, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырудың мән-маңызы жөнінде ой өрбітіп, жас сарбаздармен пікір алмасты.

«Alakol Jastary» филиалының психологі Э. Серікова жас сарбаздармен «Жасырын сөзді тап» және «Кім жылдам?» атты психологиялық тренингтер өткізді.

Шақырылған қонақтарға аудандық кітапхана ұжымының кітап көрмесі мен бейнероликтер ұсынылып, кітапхана библиографы А. Бодауова таныстырылым жұмыстарын жүргізді.

Мәліметпен бөлісу: