«Тегін дүкен» акциясы бастау алды

Жастар – қуатты Қазақстанның келешегін қалыптастырар бірден бір қозғаушы күш. Сондықтан да олардың әр салада үздік әрі озық болуы заман талабы.

Осы ретте Алакөл ауданында «Бір арман» қайырымдылық қоры мен Үшарал қалалық округі әкімдігінің ұйытқы болуымен «Жастар жылы» аясында «Тегін дүкен» акциясы өз жалауын көтерді. Зейнеткерлер мен көпбалалы аналарға тегін азық-түліктер, күнделікті тұрмысқа қажетті дүниелерді тегін таратанын сауапты іс ендігі ретте екі аптада бір рет ұйымдастырылмақ. Бастамасы ретінде Үшарал қаласының әмбебап базарының алдында арнайы орын белгіленіп, таратылатын заттар қойылды. Зейнеткерлер мен көпбалалы аналар өздеріне қажетті деген дүниелерін алып, ақысына «Алғыс» жаудырып, ақ баталарын беріп жатты.

Акцияның бастама көтеруіне түрткі болған «Бір арман» қайырымдылық қорының жетекшісі, жас журналист Алмат Есенбеков пен «Бір арман» ерктілер тобының мүшелері, Үшарал қалалық округінің жастар ісі бойынша әдіскер-нұсқаушысы Алмас Самарханов, жас журналист Айжан Жанатова.

Аталмыш акцияны «Бір арман» еріктілер тобы эстафета Алакөл ауданындағы әр ауылдық округтардағы жастар ісі бойынша әдіскер-нұсқаушыларға тапсырады. Аталған азаматтар өз өңірлерінде игілікті істі жалғастырып, одан ары ауданның өзге де белсенді жастарына табыстайды деген сенімдеміз.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: