Текелі қаласындағы № 449 дауыс беру учаскесінде «Текелі энергетикалық кешені» ЖШС 17 жұмысшысы бір мезгілде күндізгі ауысым кезінде өз таңдауларын жасады.
«Біз ұжымымызбен референдумда таңдау жасауға келдік. Ел өмірінде маңызы зор бұл күнде ынтымағымыз бен бірлігімізді көрсетіп, барлығымыз бір ортақ шешім қабылдауымыз қажет», – дейді энергокешен басшысының орынбасары Игорь Шацкий.
Айта кетейік, «Текелі энергетикалық кешені» ЖШС ұжымы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік медалімен, кешен директоры Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық алғысы» медалімен марапатталған.