Теміржол – қауіпті аймақ

«ӘТЖК» ЖШС Достық филиалы «Теміржол — қауіпті аймақ» шарасын ұйымдастырды.

Теміржол аумағы қауіп-қатерге толы аумақ болғандықтан тұрғындардың қауіпсіз қозғалуын қамтамасыз ету және оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында “ӘТЖК” ЖШС Достық филиалы шұғыл әрекет ету оңтайлы тобының ұйытқы болуымен және Бескөл стасасы ЖПБ қолдауымен “Теміржол — қауіпті аймақ” атты түсірдірме жұмыстары жүргізілді.

Шара барысында теміржол бойындағы арнайы белгілерді ескеру, пойыз тоқтайтын жерге жақын тұрмау, шектеу сызықтарынан ары аспау, балаларды үнемі қадағалауда ұстау, жүріп-тұру қағидалары мен ережелерін сақтау бойынша мәліметтер айтылды.

Бескөл стансасында ЖПБ қызметкерлері де сақтық шараларын бұзу, талап-еределерді қадағаламау айыппұл салуға әкеліп соғатынын ескертті.

Қауіпсіздік шараларын сақтау ең алдымен әр адамның жеке басының амандығы және өзгелерге кедергі келтірмеу, қызметіне яки өміріне қауіп төндірмеудің кепілі. Теміржол аумағында рельстер арқылы емес, арнайы белгіленген орынмен, көпірлер арқылы ғана өту қажет!

Дастан НЫҒМЕТҰЛЫ,

«ӘТЖК» ЖШС Достық филиалының шұғыл әрекет ету оңтайлы тобының басшысы.

Мәліметпен бөлісу: