Теміржол көлігін дамыту – ел дамуының маңызды бағыты

Жыл сайын миллиондаған жолаушы ел ішінде сапар шегеді, теміржол машина жасау кәсіпорындары жаңа жұмыс орындарын ашып, өңірлерді дамытып, Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттыруда. Әсіресе, Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының ең алғашқы шекаралары, туристтік аймақтардың бірі – Алакөл ауданына теміржол, әуе, автокөлік жолдары арқылы келетін демалушылар саны жыл сайын артуда.

Теміржол машина жасау саласы көлік инфрақұрылымын дамытумен қатар, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге де әсер етеді. Осы бағытта, былтырғы жылы ауданымыздағы Достық ауылында «NURZHOLY CUSTOMS SERVICE» халықаралық көлік-логистикалық орталығы ашылды. Жобаның негізгі мақсаты- қойма шаруашылығы, халықаралық және жергілікті логистика саласында Қазақстан Республикалысының нарығында сапалы және бәсекеге қабілетті қызметтерді ілгерілету болып табылады. Ауқымды жобаға 2,8 млрд теңге инвестиция тартылып, 120-дан аса адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, биылғы жылғы инвестициялық жобаның бірі «Достық-Мойынты» теміржол желісінің құрылысы жүргізілуде. Аудан аумағынан өтетін 134 шақырым теміржол учаскесінің құрылысына 118 млрд.теңге инвестиция тартылады. Жоба негізінде 87 үлкен көпірлер, 288 кішкене көпірлер және 14 жол өткелдері құрылысы жүргізілетін болады.

Бүгінде, құрылыс алаңында 1000-ға жуық құрылысшылар жұмыс атқаруда.

Жоба толық пайдалануға берілгенде ауданымыздағы теміржол саласының әлеуеті артып, өңіріміздің әлеуметтік-экономикасының дамуына үлкен септігін тигізері анық.

Аймақта теміржол қызметінің сапасын арттыру бойынша жұмыстар жалғасады. Бұған отандық теміржол машина жасау кәсіпорындарының қарқынды дамуы ықпал етері сөзсіз.

Аудан әкімінің баспасөз хатшысы А.Мұрат

Мәліметпен бөлісу: