Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 31. 05. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Терроризм және оның зардаптары

    

Бейбітшілік пен татулықты көздің қарашығындай сақтауды алдына мақсат етіп қойған ел, әр уақытта да лаңкестік әрекеттерден сақтанады. Себебі, қандай ел болмасын халықтың амандығы мен бостандығы басты назарда болмақ. Дүниені дүр сілкіндіретін террорлық қатыгездік, өлім мен қастандыққа толы әлем, алдау мен арбау, тура жолдан адастыру сияқты теріс бағыттағы діндер қоғам үшін қауіпті. Қоғамда сақтық шараларын насихаттау біздің адами парызымыз.

Терроризм дегеніміз анық, саяси немесе идеологиялық мақсатқа жетуге бағытталған жалпы зорлық-зомбылықты қолдану. Терроризм бірнеше формаларға ие болуы мүмкін және де көптеген себептері бар. Оның тамыры діни, әлеуметтік немесе саяси қақтығыстар да болуы мүмкін, яғни бір қауымдастықтың екінші біреуге қысым көрсеткендігі.

Терроризмнің обьектісі қоғамның қауіпсіздігі болып табылады. Қосымша обьектісі адамдардың өмірі мен денсаулығы. Сондықтан, терроризмді көп обьектілі қылмыс түріне жатқызады. Қылмыстың обьективтік жағы — жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы,елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қауіпін төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау. Субъективтік жағынан терроризм тек қана тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам заңда көрсетілген әрекеттерді істеу арқылы зардаптардың болу қаупін туғызғанын немесе соны жасаймын деп қорқытудың қоғамға қауіптілігін сезеді және соны жүзеге асырады. Бұл қылмыстың субьектісі болып 14 жасқа толған, ақыл есі дұрыс адам саналады, ал объектісі болып қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, реттейтін қоғамдық қатынастар, азаматтардың өмірі, денсаулығы, меншігі, мүліктік немесе сезім мүдделері болып табылады.

Терроризм мен экстремизм – адамзаттың қас жауы. Қаймағы бұзылмаған қазақ жерінде осындай лаңкестіктерге жол беру ең алдымен, жазықсыз жандардың зардап шегуіне алып келетіні сөзсіз. Жұртшылық осыны ұғынуы керек.

Ақиқатын айтар болсақ, әлемдегі қай дін де өз табиғатында экстремизмге жат. Әлемде лаңкестікті, экстремизмді, соғысты жақтайтын бірден – бір дін жоқ. Діни сауаттылық дін туралы білім ретінде жалпы сауаттылықтың құрамдас бөлігіне айналуы тиіс. Барлық әлемдік, дәстүрлі, жаңа пайда болған діни ағымдардың тарихын, ілімін, құндылықтар жүйесінен танып-білу мен жалған діндердің, террористік топтардың белгілерін ажырата алу дағдысы қалыптасқан адамда радикалды идеяларға қарсы «ақпараттық иммунитет» қалыптасады. 

Барлық аймақтарда терроризм проблемасы әлемдік қауымдастықтар мен жеке мемлекеттер қауымдарының негізгі қызмет сфераларымен байланысты: саясат, ұлттық қатынастар, дін, экология, қылмыстық қауымдастықтар және т.б. Бұл байланыс келесілер жататын терроризмнің әр түрінің болуынан көрініс тапты: саяси, ұлттық, діни, қылмыстық және экологиялық терроризм. Жалпы бүкіл әлемдегідей, Орталық Азияда да саяси террор жасаушы топ мүшелері алдарына белгілі мемлекетте саяси, әлеуметтік немесе экономикалық өзгерістерге қол жеткізу, сонымен қатар мемлекетаралық қатынастарды, халықаралық тәртіпті бұзу деген тапсырмалар қояды.

Қазақстан Республикасында экстремизмді немесе терроризмді насихаттау, оны қаржылай қолдау, қақтығыстарға қатысу, адамдарды үгіттеу, ұлтаралық және діни аразылықтарды тұтандырған тұлғаларға қатысты қатаң қылмыстық жауапкершілік көзделгенін сезініп, оған аса жауапкершілікпен қарап, экстремизм мен терроризмнің алдын кесіп, қоғамның еліміздің болашағын Қазақстан Республикасының әр бір азаматы қорғауға тиіс.

Ділмар БАЛШАТ,

Дін саласындағы мәселелерді зерттеу 

орталығының бөлім бастығы

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov