Тиімділігі мол жәрменке

Еңбек нарығының қажеттілігіне қарай азаматтарды кәсіптік оқытуға, жастар тәжірибесінен өтуге, тұрақты және қоғамдық   еңбекке  тартуға бағытталған  шараға бос  жұмыс орнын ұсынған 12 мекеме, 287  адам   қатысты.

Жәрменкеге  «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының  өкілдері, аудандық пробация қызметінде есепте тұрғандар, Алакөл гуманитарлық — техникалық колледжінің серіктестері  «Бағалы Алакөл»  ЖК, «Белгібаев Н» ЖК, «Үшарал жолаушылар тасмалдау кәсіпорны» мен  «Үшарал көркейту» ЖШС  өкілдері  шақырылды.

Ұйымдастырушылар шараға  үмітпен келген азаматтарға  ыңғайлы орта қалыптастырды. Жәрменке барысында жұмыссыз жандарды еңбек етуге шақырған мекемелер тарапынан 117 бос жұмыс орны ұсынылып,   талапқа сай келген 52 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Сондай- ақ қоғам-дық  іске  35, жастар тәжірибесінен өтуге 8  адам   жіберілсе, маусымдық  және  кәсіптік оқуға 71 азамат жолдама алды.

Екі сағатқа созылған шара барысында   көпшілік өздерін толғандырып жүрген сауалдарын ортаға салып, тұщымды жауаптарға қанықты.

А. ИМАНАСОВА.

Мәліметпен бөлісу: