Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 16. 08. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Тіл тазалығы толғандырады

Аудан көлемінде «Тіл тазалығын сақтайық» акциясы басталды. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңдарының халыққа қызмет көрсету орындарында сақталуын қадағалайтын бұл акция Қазақстан халқы тілдері күніне дейін өз жалғасын табады. Шараны өткізу үшін аудан әкімінің қаулысымен арнайы комиссия құрылған. Оған тілдерді дамыту орталығының мамандары, жастар ресурстық орталығы, БАҚ қызметкерлері мүшелік етеді. Аталмыш шара аясында барлық халыққа қызмет көрсету нысандары иеле­ріне заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңына сәйкес барлық жарнамалар мен қызмет көрсету нысандарының деректемелері алдымен мемлекеттік тілде жазылуы тиіс. Соған қарамастан Үшарал қаласы орталығындағы біраз нысан әлі де қателіктерін түзеуге асығар емес. «Ұлытау» кешені мен «Достық» сауда орталығына бұған дейін де бірнеше ескертулер берілген. Маңдайлашарына ілінген жазбаларды бірнеше жылдан бері өзгерткен жоқ. Сондай-ақ «Алатау» шағын маркетіне де атауының әріптерінің толық толмауына байланысты ескерту берілді. Осы тұрғыда қала көркіне де қызмет көрсету орындарының әсер ететінін ұмытпаған жөн. Сонымен қатар «Алдияр» сауда орталығына лексикалық қателіктеріне байланысты нысан алдындағы жарнаманы ауыстыруға уақыт берілді. Д.Қонаев көшесін жағалай орналасқан ірілі-ұсақты халыққа қызмет көрсету орындарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы парқшалар таратылды. Жарнама жасайтын кәсіпорындарға барып, нысан иелеріне жарнама жасау барысында заңды қатаң сақтауын талап еттік.

Тіл тазалығын сақтау – тек заң алдындағы ғана емес, ата-баба алдындағы азаматтық парызымыз. Парызға адал болу – шарт, тіліміздің табиғи айналымын сақтау – міндет. Әрбіріміз тіліміздің тұғырының биік болуына үлес қосайық.

А.ЖЕЛДІБАЕВА,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетінің 2 курс студенті.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov