Өткен жылы Алматы облысында 17 бала судан ажал құшты

2021 жылы облыстың су айдындарында шомылуға тыйым салынған жерлерде 59 адам қаза тапты, оның ішінде 17-сі бала. Бұл туралы Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері, лейтенант Дидар Асқарбекұлы мәлімдеді.

Жалпы облыс аумағында 257-ден астам ірі ашық су қоймалары, нақтыласақ, 6 көл, 58 өзен, 76 су қоймасы, 117 тоған бар, оларды жазғы кезеңде шомылуға пайдалануға болады.
Ресми деректер өткен жылы облыстың су айдындарында 67 адам, оның 13 баланың құтқарылғандығын көрсетіп отыр. Сонымен қатар шомылу маусымы кезеңінде 38 адам суға кетуден аман қалған. Олардың арасында 10-ға жуық балада бар.

Бүгінгі күні департаменттің жедел-құтқару жасағымен су айдындарындағы оқиғаларға жедел ден қою үшін 40 жүзу құралы автономды жұмысты қамтамасыз ету үшін азық-түлік қоры құрылды.

«Суда адамдардың қаза табуына жедел ден қою және жол бермеу үшін Департаменттің құтқару бөлімшелерінің қосымша 5 мобильді бекет, жергілікті атқарушы органдардан су айдындары мен дүлей жағажайлардың шомылуына арналған қауіпті және жабдықталмаған учаскелердегі 6 мобильді және 15 объектілік бекет, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету және коммуналдық орындарда суда зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету үшін кезекшілік ұйымдастырылады, жағажайларда 5 қоғамдық қауіпсіздік бекеті және 6 медициналық пункт құрылады»,-деп атап өтті спикер.

Айта кетейік, бүгінде Алакөл көлінде коммуналдық жағажайлар құру бойынша жұмыстар басталды. Жеке коммуналдық жағажайларды құру жұмыстары ерекше бақылауда болады.

Мәліметпен бөлісу: